Қазақстанда тұңғыш рет 2200 м биіктікте фестиваль ұйымдастырылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova

Біз ашық аспан астындағы фестеміз! Бұл шығармашылық пен табиғаттың тоғысы. Көрермен жұлдыздардың өнерін әдеттегідей ғимаратта емес, тауда тамашалайды.

Күні кеше Алматыдан 120 шақырым арақашықтықта орналасқан Плато Ассыда фестиваль өтті. Өнер иелері халықпен бірге 2200 биіктікті еңсеріп, әсем табиғаттың куәсі болды.

Қабдол Тілеков, әзілкеш, «МЕХОВАЯ 8/1» тобының солисі:

Әсеріңізбен бөлісіңізші, атмосфера қалай?

Бір сөзбен айтайын керемет!

ESKO, музыкант:

– Тамаша өте. Мына шатыр үйлердіңң өзі басқаша атмосфера беріп жатыр.

Bibomen, блогер:

– Таудың ауасы таза, бөлек. Табиғаттың аясында осындай шатырда түнеп, бөлек вайб қой. Сол себепті келуге тұрарлықтай. Бір қаланың күйбең-тіршіліктен ойым бөлініп дегендей.

 

Елімізде бұрын-соңды ұйымдастырылмаған арт-шараның куәсі болуға бірқатар артистер мен блогерлер жиналған. Фестивальде хитмендердің қатысуымен өткен концерттен бөлек, ойын-сауық түрлері де болды.

Baha Puper, блогер:

– Бүгінгі кештен не күтесіз?

– Мен бірінші рет келдім мұндай жерге, ауызым ашылып жүр.

ESKO, музыкант:

– Мен күткен нәрселерімнің барлығын алып жатырмын.

– Мысалы?

– Табиғат аясы. Мұндай көріністі сіздің камераңыз, ештеңе жеткізе алмайды. Оны тек көзбен көру керек.

 

Дархан даламыздың таңғажайып табиғаты бүгінгі күнге дейін ұлы тұлғаларымызға сарқылмас шабыт сыйлаған. Ал бұл жолы new school өкілдері сол шығармашылық ләззатты қажет еткенін айтып, таңданысын жасырмады:

Қабдол Тілеков, әзілкеш, «МЕХОВАЯ 8/1» тобының солисі:

  • Мына жақта жағдай жасалып жатыр ма сізге?

– Тіпті керемет. Керемет. Бәрі жақсы өтіп жатыр. Райдер, ондай ештеңе жоқ қатты ондай бізде.

– Гонорар сұрадыңыз ба?

– Жоқ, сұраған жоқпын.

– Неге?

– Маған өзіме қызық болды. Сол үшін мен гонорарға келіскен жоқпын. Ол маған да өзіме осындай жерде келу таңсық болды. Сондықтан келістім

 

Ассы Fest таңға дейін жалғасты. Шараға келген 200-ге жуық қонақ күн ұясынан шыққанша уақыттарын көңілді өткізді. Десе де кейбір артистер тауда өнер көрсетуге келіскеніне өкінген сыңайлы.

Aya Funk, әнші, хореограф:

– Үлкен таулардың ортасында бүгін бірінші рет қонайын деп тұрмын. Бір жағынан да қорқып тұрмын. Бір жағынан да енді ішімнен ойланып тұрмын үйге қайтсам ба деп...

– Неге қорқып тұрсыз? Неге ойланып тұрсыз?

– Қасқыр жеп кетуі мүмкін ғой...