Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
– Жыл сайын өтетін «Mrs. Kazakhstan Globe» қазақстандық әйелдер арасындағы сұлулық сайысы. Және бүгін гранд финал! Жүлде кімге бұйырады? Бірге білейік!
«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді». «Mrs. Kazakhstan Globe» байқауына қатысқан әрбір нәзік жанды дәл осы мақалдың дәлелі іспеттес. Отбасы ошаққасы қалып қоймай, әлемдік байқауларда бақ сынауға бар күшін салып жүрген кез келген сұлу тәж киюге лайық. Дегенмен, сайыстың аты қашан да сайыс.
Жанна Мейрембаева, «Mrs. Kazakhstan Globe» байқауының ұйымдастырушысы:
– Негізгі мақсат – әйелдерді шабыттандыру. Оларға өзін көрсетуге, ашылуға мүмкіндік беру. Бұл жерге келген әйелдер бір кезде жоғалтып алған нәзіктігін қайта табады. Өйткені көбі күнделікті тіршілікпен шектеліп қалған. Мұнда келіп өзінің кім екенін естеріне түсіреді. Себебі әйел — шабыттың бастауы болуы керек.
Бұл жай ғана сұлулық байқауы емес, әйелдерді дамытуға арналған жоба дейді ұйымдастырушылар. Еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден аса түрлі тағдырлы үміткер өтініш берген. Жарыс талабына сай, қиындықты жеңіп шығып, өзін қалыптастыра білген 12 қатысушы іріктеліп алынған.
Меруерт Жүнісбек, «Mrs. Kazakhstan Globe» финалисі:
– Өзіңіздің оқиғаңызды айтып бере аласыз ба?
– Менің жоғары білімім жоқ. Ең бірінші рет 20 жылдан астам Астанаға келген кезде ең бірінші жұмысым – даяшы, сосын үй азалаушы болғанмын… Бірақ, үлкен арман болды. Сондықтан, қазіргі таңда үлкен дәрежеге жеткен кезде артқа қарай қарайсың да, әр әйел адам өзінің өмірін өзгерте алады деген ойға келесің.
Эльмира Нұрмахамбетова, «Mrs. Kazakhstan Globe» финалисі:
– Біздің өмірімізде ештеңе жайдан-жай болмайды. Әрбір әйелдің өмірінде түрлі сынақтар мен қиындықтары болады. Және мұның бәрі бізді шыңдайды.
Бұл сайыста аутсайдерлер жоқ. Әр қатысушы — өз алдына жеңімпаз. Десе де, әлемдік аренада «Қазақ әйелін» таныстыратын үздік қатысушыны таңдау қазылар алқасына оңай соқпағаны анық.
Нұрлан Абдуллин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Мен үшін енді иә, бір 2-3 қыз бар, менің көңілімде. Енді көреміз… Бүгін енді олар тұла бойындағы бүкіл өнерін, талантын көрсетсе, сол екі-үшеуінің біреуі жеңімпаз болады деген ойдамын.
6 айға созылған дайындық. Түрлі трансформациялық жұмыстар. Бұл мыңдаған әйелге үлгі болатын жоба. Сонымен, Қазақстанды «Жер шары ханымы» халықаралық байқауында таныстыратын, «Mrs. Kazakhstan Globe» Гаухар Нурболатова атанса, «Mrs. Eurasia Globe» тәжі Ляззат Лазарчукке бұйырды.