«ADAM: Нартәуекел» – Өнер қырандарының жаңа жобасы әрі еліміздегі тұңғыш коммерциялық анимация.

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова,

– Өнер қырандары анимациялық мультфильмін ұсынды! Жақында кино әлеміне аяқ басқан театр саңлақтары, енді кішкентай бүлдіршіндерді қуантпақ! Фантастика жанрындағы жоба жайлы толығырақ бірге білейік!

 

«ADAM: Нартәуекел» – Өнер қырандарының жаңа жобасы әрі еліміздегі тұңғыш коммерциялық анимация. Мультфильмде әкесін іздеп ғарышқа аттанған Тоқтардың достарымен бірге бастан өткерген шытырман оқиғалары суреттеледі. Туындының басты месседжі – қандай жағдай болмасын адамгершілік қасиетті жоғалтпау.

 

Мадияр Серікбаев, «Өнер қырандары» театрының директоры, актер:

– Ұлтымыздың бесігін заманауи түрде жасағанбыз. Әрбір ол жерде корабльдерді қарлығаштың құйрығы мен қанатынан алғанбыз деген секілді ол жерде үлкен философия, терең мағыналар жатыр.

 

Анимациялық туынды 7 басты кейіпкерлерден тұрады. Картина 6 жасқа толған балалар мен жасөспірімдерге көруге рұқсат берілген.

 

Мадияр Серікбаев, «Өнер қырандары» театрының директоры, актер:

Балаң бармаймын десе де жетектеп келу керек, үйретуіміз керек бір бірімізді осылай ұлтымызды сақтап қалу үшін, әдет-ғұрпымызды, салтымызды сақтап қалу үшін, санамызды сақтап қалу үшін осындай нәрсеге келуіміз керек. Мидағы құлдық санадан ақырын шығу керек.

 

Анимациялық мультфильмді дайындауға 1 жыл уақыт, 80-ге жуық кәсіби мамандардың күші жұмсалған. Туынды кейіпкерлерін толығымен Өнер қырандары актерлері дыбыстаған. Ал Сатыр рөлі Коко Джанбоға тиесілі.

Жанболат Найзабеков, актер:

Кейіпкеріңіз жайлы айтып беріңізші

– Менің кейіпкерім өзім сияқты. Өзім сияқты болғанда әзілқой, кез келген нәрсеге әзілмен жауап береді. Бірақ кішкентай кезінен бұзық болған.

 

Сахнада 20 жылға жуық тәжірибелеріне қарамастан, дубляж саласы Өнер қырандары үшін күтпеген қиындықтар туғызған.Тіпті театр және кино актері Жанболат Назабековтың өзі процесс барысында өкініш болғанын жасырмады.

Жанболат Найзабеков, актер:

– Оны мойындау керек қиын. Өйткені экранға қарап отырып, өз кейіпкерінңнің аузына түсу, дауысты өзгерту кішкене сақауланып сөйлеу. Аузың талып кетеді, шөлдейсің. Ойлап қоясың одан да театрда ойнай салғаным дұрыс еді ғой деп…

– Ең көп дубль қанша болды?

– Ойбааай, 8 болды ғой. 8 дубль жасадық.

 

Анимацияға алғаш қадам басқан Өнер қырандары біраз тосын сыйға тап болды. Күрделі процестің әр кезеңі оларды әбігерге салған. Тіпті бір сәтте жобаның жарыққа шығуына күмән да туындаған. Дегенмен соңында шетелдік мамандар көмекке келген екен.

– Нақты қандай кедергілер болды соны айтыңызшы осы анимциялық мультфильм жасауда?

Мадияр Серікбаев, «Өнер қырандары» театрының директоры, актер:

– Бірінші кедергі бұл – қаражат. Қаражаттың жетіспеушілігімен тоқтап қалдық шынымен. Біткеннен кейін мұны сақтау үшін Қытайға апарып көрсеттік. Қытайлықтар жаңағы «Ne Zha»-ны жасаған режиссер мен продюсер біздің мынандай еңбекқорлығымызды көріп мына дүниені, қолдау көрсетейік деп соңғы сәтін солар бізге көмектесіп жіберді рэндерлеп.

 

Ұлттық құндылықты келешек ұрпаққа дәлелдейміз деп шыр-пыр болған жоба авторлары түптің түбінде сан соғып қалғаны да жасырын емес. Өйткені қомақты қаражат жұмсалған ауқымды жұмысты бағалап келген көрермен саны көңіл көншітерлік болмай тұр.

Құдірет Топаев, актер:

– Жалпы бұл мультфильмге келетін көрерменге айтарымыз: бұл сынайтын туынды емес, керісінше қолдайтын Қазақстандағы тұңғыш коммерциялық анимация. Мұны 6 жастағы баланың көзімен қараңыздар!