Гүлмира Дайрабай екінші рет ақ көйлек киюге дайын ба?
Алғашқы толықметрі миллиард жинап, кассалық көрсеткіште топ жарған Серік Ибрагимов тағы бір туынды таспалады. «Жас емес жұбайлар» деп атаған картинасы шынайы оқиғаға негізделген екен.
Серік Ибрагимов, кинопродюсер, әнші:
– 89 % рас, қалған 11 % пайызын әсірлеп жібердік. Мен жалпы сол оқиғада болған адаммын. Менің досымның өмірінде болған жағдай.
– Алғашқы фильмді таспалайтын кезде біраз жақынымнан қарыз алдым деген едіңіз. Бұл жолы шығын бар ма?
– Осы жолы да қарызға алдым. Себебі, киноға деп алып қойғанымды басқа киноға сладым. Ол жақтан қайтуы кешеуілдеп қалды. – Қанша қарызыңыз бар қазір?
– Біршама, қайтара аламын…
– Айтыңызшы?
– Айта алмаймын, 100-дің үстінде.
– Демек толықметр толғымен қарызға алынған ақшаға таспаланды ма?
– Иә, десек те болады.
Фильмнің желісі елуді алқымдаған Сабыржан есімді көп балалы әкенің оқиғасы төңірегінде өрбиді. Бас кейіпкер жалғыздықтан жабығып жүрген шағында алғашқы махаббатын кездестіреді.
Қуандық Шәкіржанов пен Гүлмира Дайрабайдың өмірі кейіпкерлерінікіне ұқсас. Екеуі де жалғызбасты ата-аналар. Жеке өмірге ден қойып, тағы отбасын құруға қалай қарайтындарын сұрадық.
Гүлмира Дайрабай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса:
– Демек ақ көйлек киіп, қайта қалыңдық атануға дайынсыз ғой, иә..
– Кім біледі… Егер лайық азамат болса ойланамын.
– Сіздің балаларыңыз осы тақырыпқа қалай қарайды. Артур немесе үйдің кенджелері тұрмысқа шықсаңыз дей ме? Әлде қарсы ма?
– Біз негізі бұл тақырыпқа көп сөйлепейміз. Бірақ, мен еңгізген ереже бар. Әр адам өз өмірінің қожайыны. Егер Артур таңдауы болса, мен қолдаймын. Себебі, баламды жақсы көрген адамды, мен де жақсы көремін. Маған да сондай көрсеткіш болады деген үміттемін.
Басты кейіпкердің ұлын Серік Ибрагимовтың інісі – Алишер Бұрханов сомдайды. Бастапқыда бұл рөлге Қанат Тасхан таңдалған екен. Бірақ әзілкештің жұмыс кестесі мен түсірілім күндері сай келмегендіктен образ Бигшерге бұйырған.
Әлішер Бұрханов, идея авторы, актер:
– Әке қадіріні жете алмай жатқан жастар көп. Әкені қалай сыйлау керек, отбасын қалай құрметтеу керек..
Кастқа таңдалғандар қатарында Сабира Жарасқызы пен жұбайы Алмас Ақатай да бар. Ибрагимовке қолдау көрсетуді мақсат еткен Сабиркиннің күйеуі гонорар талап етпеген көрінеді. Бірақ блогердің өзі қаламақысынан қағылмаған.
Sabirkin, актриса, блогер:
– Гонорарыңызды біле аламыз ба?
– Бізге айтуға болмайды.
– Десе көп әртістер гонорарының құнын бір затқа теңеп жатады ғой.
– Мысалы, қымбат көлік деп жатады.
– Ондай үлкен емес гонорар. Біраққымбат сумка болсын.
– Қай модель
– Мә, нақты айта алмаймын. Биркин шығар.
«Жас емес жұбайлар» фильмі бүгіннен бастап Қазақстанның барлық кинотеартрларында көрсетіледі. Әке қадірін ұғындырып, жалғыздықтың азабын түсіндіретін туындыдан қапы қалмаңыз.
Автор: Д. Қыдырбек