ЭКСКЛЮЗИВ | Актер Рауан Ахмедов енді продюсер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Рауан Ахмедов, актер:

– Барлықтарыңызды сол проектіге шақырамын. Әлі де бұл экслюзив. Бүгін ғана Азамат Сатыбалды ағамен сөйлескен болатынбыз, бір күшті ойға келдік, келесі жылы премьера болатын шығар немесе осы жылы ма көреміз.

– Жаңа айтып қалдың ғой Азамат Сатыбалды деп, ол жобаға қандай қатысы бар ол кісінің?

– Ой салды ол кісі. Сонымеен Азамат ағамен сөйлесіп, бір ойға келдік.

 

Рауан Ахмедов жас та болса айы оңынан туған актер. Себебі, өнер иесі ірі жобаларда тек басты рөлдерді сомдап келеді. Сонымен қатар, осы жылы тәуелсіз театрдың «Зулейха» спектаклінде бой көрсеткен еді. Әлемдік бестселлерден шабыт алған Рауанның жаңа жобасы да сол тақырыптан ауытқымаған.

Рауан Ахмедов, актер:

– Жоба махаббат туралы болады. Ішінде керемет әнші бар. Жастардың көңілінен шығатын. Ішінде мен бармын. Әзірге қазір команда құрып жатырмыз. Қазір режиссерлармен де сөйлесіп, келісулер болып жатыр. Барлығы жақсы болады деген үміттемін.

 

Рауанның айтуынша, жастарға арналған заманауи спектакль 3 актер мен әншіден құралады. Қойылымда жүрек тебірентер ән де шырқалады, монолог та оқылады, тіпті көрерменмен хат арқылы тілдесуі мүмкін.

Рауан Ахмедов, актер:

– Тіпті еліміздің басқа аймақтарына іс-сапармен барғымыз келеді. Актерларды барынша көрермендердің көзайымында жүрген актерларды таңдауға тырысамыз. Барлығымыз үлкен сахнаға шығатын боламыз Құдай қаласа.

 

Рауан Ахмедов жуырда Салтанат Бақаеваның тәуелсіз театр ашамын деп бір пәтердің құнын төлеп шығындалғанын білмейді-ау шамасы. Десе де «Болар баланың бетін қақпа, белін бу» демекші, жас продюсерге сәттілік!