«Пикник by Partners!» Опен-эйрде кино жұлдыздар Дамир Амангельдин мен Айбар Салы бой көрсетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, тілші:

Біз дәл қазір 10 жылдан астам уақыт бойы алматылықтарға ерекше демалыс сыйлап жүрген «Пикник by Partners»-теміз! Эстетиканы сүйетін барлық қала тұрғындары осы жасыл алаңда бас қосты. Ал кеш хедлайнері - Винтаж тобы. Ендеше шараның ғажайып атмосферасына бірге бөленейік!

 

«Пикник by Partners» 2014 жылы бастау алған еді. Биыл дәстүрлі түрде ұйымдастырылған опен-эйр шараға 5000-нан астам адам жиналды. Музыка, дәмді ас, ойын-сауық – мұның бәрі қонақтарға табиғат аясында еркін демалуға мүмкіндік берді. Алматылық элита бас қосқан пикникте жұлдыздар да жетерлік.

– Образыңыз өте әдемі болып тұр. Арнайы дайындалып келдіңіз бе?

Айдана Сахари, актриса:

– Негізі, иә. Осы қазіргі сәтке, осы қазіргі мезгілге сай болуға тырысып, келген жайым бар.

– Бүгінгі пикникке кіммен келдіңіз?

– Мен достарыммен келдім. Барлығымыз бірге мына жерде кездестік та кіріп, күшті уақыт өткіземіз деген ойдамыз.

 

Ал, Рауан Романи көпшліктің ішінде сүйіктісімен көзге түсті. Актердің айтуынша, ол бүгінде опун-эйр шараларға жиі қатысуды әдетке айналдырған.

– Кіммен келдіңіз бүгінгі пикникке?

Рауан Романи, актер:

– Қызыммен келдім.

– Ұнап жатыр ма қызыңызға?

– Иә, ұнап жатыр. Бәрі керемет. Көңіл күй жақсы. Керемет тамаша.

 

Пикник жыл сайын ұйымдастырылса да, алғаш рет келген меймандар да бар. Олар талай жас арулардың жүрегін жаулаған киножұлдыздар Дамир Амангельдин мен Айбар Салы.

– Жігіттер сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Атмосфера қалай ұнап жатыр ма?

Дамир Амангельдин, актер:

– Біз мұнда көптеген таныстарымызбен жолығып, сөйлесеміз. Нетворкинг шын мәнінде өте пайдалы нәрсе. Сондықтан міндетті түрде келіп көруге кеңес беремін.

– Қалай демалғанды жақсы көресіздер сіздер? Осылай ашық аспан астында, табиғат аясындағы демалыстар ұнай ма? Әлде керісінше жабық кеңістіктер Айбар Салы, актер:

– Осындай демалысты не үшін таңдадым? Бізде қазір бір проектке дайындық болып жатыр содан кішкене шаршағаным бар. Кейін осы адамдарға шығып кішкене сөйлесіп, танысып адамдармен жүргім келді. Міне, осындай пикникқа келдім.

 

Айбар түсірілімдерден шаршаса, Айдана Сахари керісінше «жаңа жобаларға шөлдеп жүрмін»,- дейді. Тіпті актриса жаңа фильм үшін трансформиядан өтуден де тайынбайды екен.

Айдана Сахари, актриса:

– Мен енді әрдайым ашықпын. Әрбір жаңа рөлдерге, образдарға. Өйткені мен өзгеруден қорықпаймын. Трансформациялық жобалардан. Сондықтан ұсыныстарды күтемін енді.

Кеш хедлайнері – «Винтаж» тобы. 2006 жылы құрылған танымал поп-ұжым пикникке жиналған халықты күннің суығына қарамастан, ерекше атмосфераға бөлеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Айдана Сахари, актриса:

– Винтажбен менде ассоциациясы 5-сынып. Мен оқушы ол кезде, бұл топтың ең бір дүркілдеп жүрген сәттері. Осы уақытқа дейін енді әндері хит. Әндері естерімізде қалды. Оны естісек билемей тұра алмаймыз.

 

«Пикник by Partners»-те алматылықтардың вайбы ерекше сезілді. 8 сағатқа созылған шара мейманның есінде ұзақ уақытқа сақталатыны анық.