Мөлдір Нұрғалиқызы, тілші:
– Күн сайын көшеде осындай билбордтар сіздің назарыңызға ілінеді. Бұл экран арқылы түрлі брендтермен танысып, өзіңізге пайдалы қызмет түрін таба аласыз. Тәулігіне 24 сағат дамылсыз істейтін сыртқы жарнама – бизнес пен аудитория арасындағы маңызды көпір саналады.
Сыртқы жарнама — тек билборд емес. Бұл — LED экрандар, city board, transit-жарнама, digital панельдер және тағы басқа форматтардың жиынтығы. Олар күн сайын миллиондаған адамға әсер етеді.
Руслан Кульмухамбетов, «НРР» ЖШС-нің директоры:
– Бұл жарнаманың артықшылығы неде, өйткені адам баласы үйреніп қалған далаға шығуға. Тіптң үйден жұмысқа жету үшін, ол жерде жарнаманы көруге болады. Сыртқы жарнаманың жақсылығы, өйткені сіз далада жүріп келе жатқанда, мобильді құрылға қарамайсыз ғой. Жолға қарайсыз. Жолдың бойында келе жатқанда, жарнаманы көресіз.
НРР — Қазақстан бойынша сыртқы жарнама нарығында жетекші орын алатын компания. Олардың құзырында — 1000-нан астам жарнама алаңы, соның ішінде Алматының ең қозғалысты көшелерінде орналасқан LED экрандар мен билбордтар бар. Компания өз клиенттеріне локация таңдаудан бастап, макет дайындау мен орнатуға дейін толық қызмет көрсетеді.
Руслан Кульмухамбетов, «НРР» ЖШС-нің директоры:
– Осы 22 жылдың ішінде өзгерістер көп болды. Заманына сай, компаниямыз бүкіл технологияларды қарастырып жүр. Енгізіп жатыр.
Бүгінде сыртқы жарнаманың жаңа форматы — цифрлық экран кеңінен қолданыста. Оларды мазмұн бойынша жылдам өзгертіп, уақытша акциялар мен ұсыныстарды көрсетуге ыңғайлы. Сонымен қатар, клиенттер жарнаманы онлайн платформа арқылы өздері таңдап, тапсырыс бере алады. Ал қаладағы дұрыс таңдалған локация — хабарландыру берушіге тікелей нәтиже әкелетін маңызды фактор.
Руслан Кульмухамбетов, «НРР» ЖШС-нің директоры:
– Тиімді локациялар бойынша біз оны зерттейміз. Агенстволар өздері көрсетеді. Ол локацияны алғаннан кейін біз тағы да оны мемлекеттік органдармен келісімшарттар қойып, солай аламыз.
Қала көшелерінде орналасқан әрбір билборд — брендіңіздің клиентпен алғашқы кездесуі болуы мүмкін. НРР секілді сенімді серіктеспен жарнамаңыз ең тиімді нүктелерде көрінеді.