«Басымыздағы проблема!»: «Назар Аудар» театрының жігіттері салықтан қашып жүр ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ақболат Өтебай, «Назар Аудар» театрының актері:

Біздің жастағыларға, кәсіппен айналысып жүргендерге қазір салық тақырыбы өзекті болып жатыр деген сияқты. Бірақ, енді өзіміз білмейтін мәселеге кірмейміз. Осы халықтың арасында, өзіміздің басымызда өтіп жатқан оқиғалар, проблемалар болатын болса, соның барлығының шешімін тауып беріп, жіберуге тырысамыз.

 

«Назар Аудар Show» атауына ие болған жаңа жоба жігіттер үшін эксперимент болмақ. Еске салсақ, әзілкештердің соңғы кинотуындысы 3 жыл бұрын жарық көрген еді. Ал мұндай ұзақ үзілістің себебі – ұжым мүшелерінің жеке шығармашылығы.

Ақболат Өтебай, «Назар Аудар» театрының актері

Біз енді реттелген сияқтымыз. Кино түсіріп жүргенде барлық фокус сол жаққа ауысып кетті. Уайыммен басқа жұмыстарымыздың жайына қалған кездері болды. Енді барлығын дұрыстап, графикті реттедік.

 

Туындыда актерлер көрермен көз үйренген образдарда болмаймыз деп уәде берді. Есесіне өнерпаздар бірнеше рөлді қатар сомдамақ.

Ғазиз Ерболат, «Назар Аудар» театрының актері

Бұл жерде әрқайсысымызда 2, 3 тіпті 4 образдан бар шығар. Әртүрлі образда боламыз. Мен ғана емес, Ақболат та көрермен бұған дейін әйел болып көрген, бұл жолы жігіт болып, өзі болып та, аға болып та, ойнайды.

 

Рөлі жайлы Ақболат Өтейбайдың өзінен де сұрадық. Бір кездері әйел образын сомдаудан бас тартқан әзілкеш бүгінде пікірін өзгерткен екен.

Ақболат Өтебай, «Назар Аудар» театрының актері:

Кейбір анау батыстың харизмасы бар әйелдердің образы ғой менікі. Сонымен сонда да мен енді ойнамаймын деп жүрген едім, бір күні Тұрсынбек Аманғали ағаларым маған айтқан «Cен өзің алып шыққан харизмаң! Бұл образдан қашудың қажеті жоқ» деп. Сонымен Тәкеңнің әңгімесі өтті маған

 

«Назар Аудар» театрының тағы бір мүшесі - Азамат Әленов бұл жолы жаңа қызметті қанжығасына байлады. Актер енді туындының продюсері ғана емес әрі режиссері. Дебют болған соң болар, әйтеуір уайымдап жүрегені сезілді. Тіпті, Азаматтың түсірілім алаңындағы эмоциялық күйі, кез-келген адаммен араздасуға шақ қалатындай:

Азамат Әленов, «Назар Аудар» театрының актері, режиссер:

Бірінші сұрақ, неге ашуланып жүрсіз? Осыдан бастайықшы?

Мен ашуланып жүрген жоқпын. Уайым ғой, үлгермей қаламыз ба деген…Мен картинада режиссермін, өмір бойы продюсерлікпен айналысып жүрмін ғой енді…

 

Көрерменді күлкі арқылы терең ойға батыратын туынды қараша айында жол тартпақ. Картина төңірегіндегі барлық ақпаратты хабарлаймыз деп түйіндеді продюсер Азамат Әленов.