Берік Әбішев, режиссер, каскадер:
– Бұл жерде біз жаңағы наркотикке қарсы күресудің басқа да түрлері, қазір көп түрі шыққандықтан, соны көрсетейік дедік көрерменге. Режиссер ретінде бірінші кином. Өзім 20 жылдан бері каскадерлық салаада жұмыс істеймін. Былай экшн-сахналарды бұрыннан түсіріп жүрмін.
Экшн-драмада Берік Айтжанов контрасты рөлді сомдайды. Көрермен Беріктің бұл образына «Қазақстандық Том Круз» деп баға беруде. Себебі, күрделі миссия үшін актердің кейіпкері Азамат шынайы болмысын жасырып, бетперде киіп жүруге мәжбүр болады.
Туындыда қылмыскерлер мафиясының басшысының рөлінде - Чингиз Капин! Актер картинада тұңғыш рет қазақ тілінде ойнаған. Чингиз бұл образға жан-жақты дайындалып, тілдік жаттығуларға да көңіл бөлген екен.
Алайда басты рөлдегі екі актерді де премьерада көзге түспеді. Қазақстандық киноөндірістің дамып жатқанының белгісі ме, қазір өнерпаздар жабық көрсетілімге келмеуді әдетке айналдырған сыңайлы. Десе де, режиссер қос актердің әрекетін былай ақтап алды.
Бауыржан Әбішев, режиссер:
– Чингиз Капин өкінішке қарай Қытайға кетіп қалды аяқ асты бір жұмыспен. Берік ағамыз съемкада, үлгермей қалды.
Хош, сенейік! Ал картинада басты агентті ойнайтын актриса Айжан Лайджи фильмнің премьерасы үшін, арнайы Лос-Анджелестен ұшып келген. Елімізде ғана емес, Америкада да сұранысқа ие Айжанға аталмыш жоба оңайға соқпаған көрінеді. Ол тіпті барлық каскадерлік сахналарды өзі сомдаған.
Айжан Лайджи, актриса (АҚШ):
– Қандай да бір қиындықтар болды ма? Жарақат алып қалған кездер болған жоқ па?
– Маған ең қиыны – қатарынан 21 сағаттан артық жұмыс істеу болды. Бұған дейін менде ондай ұзақ түсірілім болған емес. Шаршағаннан тіпті миым істемей қалды. Қарапайым сөздерді айту да қиындап кетті.
– Америкада бұл жағы жақсы қарастырылған ғой. Енді Қазақстанда переработка үшін сізге қосымша ақы төленді ма, қалай келісітіңіз?
– Жоқ, біз барымызды салып істедік. Бұл – тәуелсіз кино ғой. Мен бәрін жақсы түсінемін. Мұнда ондай болған жоқ.
Картинада дебют алғандар қатары көп. Соның бірі, тележүргізуші Айдай Исаева. Бұл оның үлкен экрандағы алғашқы рөлі. Алайда, ендігі актрисаға өз образы көңілінен шықпаған көрінеді. Себебін де сұрап көрдік.
Айдай Исаева, актриса, тележүргізуші:
– Негізі актер болған оңай емес екен. Көп сөйлеген жерім болған. Көп жер қиылып кетті негізі. Мен көп нәрсе күткем, бірақ қысқартылып-қысқартылып осылай болды. Жалпы көңілімнен шыққан жоқ өзімнің ойнағаным. Өзіме қарай алмадым. Көзімді жұмып көрдім.
Дегенмен, Айдай продюсерлерге еш реніші жоқ екенін айтты. Ерекше форматтағы экшн-драмада ойнап көрудің өзі актриса үшін үлкен мүмкіндік екенін жасармады.
Күтпеген өзгерістерден тұратын «Агент және Ирбис» толықметрі бүгіннен бастап үлкен экранда! Қылмыс әлемінің құпиясын ашып, актерлердің контрасты ойынын көргіңіз келсе, кинотеатрға асығыңыз көрермен!
Айдай Исаева, актриса, тележүргізуші:
– Адам деген бір жаман нәрсеге тәуелденсе, өмір бақи соның құрбаны болып кетеді де. Бұл деген көп жастарға деген, болашақ өсіп келе жатқан жасөспірімдерге үлкен сабақ деп ойлаймын.