Халықаралық «Baiqonyr» кинофестивалінің марапаттау рәсімі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, тілші:

Біз Х Халықаралық «Baiqonyr» кинофестивалінің марапаттау рәсіміне келдік. 20 елдің қатысушылары бақ сынаған аталмыш жоба бірқатар кәсіби киногерлердің басын қосты. Үздіктер қатысқан додада қай елдің шығармашылық ұжымы жеңімпаз атанбақ? Оны сәлден соң білетін боламыз.

 

1 апта бұрын бастау алған Х Халықаралық «Baiqonyr» кинофестивалі өз мәресіне жетті. Әділ қазылар алқасы 6 күн ішінде 200-ге жуық туындыны көріп шықты. Ресми марапаттау рәсімінде отандық және Орталық Азия елдерінің кинематографиясындағы жаңа есімдер мен үздік мамандар анықталды.

Әнуар Кенжібаев, «Baiqonyr» кинофестивалінің президенті:

Егер біздің миссиямыз туралы айтатын болсақ, «Baiqonyr» фестивалі кинематография әлемінде шығармашылық серпіліс жасауға арналған алаң. Соңғы 10 жылда бұл ұстаным өзгерген жоқ. Біз міндетімізді өз деңгейінде орындауға тырыстық. Яғни, жас кинематографистерді анықтап, оларға барынша қолдау көрсету.

 

Соңғы 10 жылда дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан фестивальге барлығы 1036 өтінім түскен. Алайд, қатаң іріктеуден өткен 51 жоба ғана өзара бақ сынасты. Соның ішінде небәрі 20 туынды арнайы жүлдеге қол жеткізді.

 

«Baiqonyr» кинофестивалі – жас өнер иелерінің жарқын болашағына мүмкіндік беретін алаң. Тартысты додада жерлесіміз Луиза Зарипова «Сохраняя анонимность» жобасымен «Үздік режиисер» жүлдесін иеленді.

Луиза Зарипова, «Baiqonyr» кинофестивалінің жеңіпмазы:

Бұл фильм — менің дипломдық жұмысым. Толықметр өмірінде орын алған келеңсіз жайттарға өзін кінәлі сезінетін әйел жайында.

 

Ал «Үздік сценарий» номинациясы Асқар Ермаханға табысталды. Бұл өнер иесінің алғашқы жеңісі емес. Өнер иесі бұған дейін Қырғызстан елінде өткен фестивальде де «Қаран» жобасымен «Үздік режиссер» марапатын ұтып алған.

Асқар Ермахан, «Baiqonyr» кинофестивалінің жеңімпазы:

Өз еліңде еңбегіңнің бағалануы ерекше қуаныш. Бұл марапат маған әрі қарай дамуға мүмкіндік беріп, шабыт сыйлады.

 

Бас жүлде «Үздік фильм» отандық режиссер, сценарист Батырхан Жусіповқа бұйырды.

Батырхан Жусіпов, «Baiqonyr» кинофестивалінің жеңімпазы:

Әсерлер өте керемет. «Лучший фильм» алатыныма мен негізі сенген жоқпын соңына дейін. Соңында мен когда бізді айтқаннан кейін қатты қуандым. Бұл сезімді білмеймін басқаша сөзбен жеткізе алмаймын.

 

«Helios» туындысының сценариін де толықтай Батырханның өзі жазған.

 

Маған идея алдынғы жылы жазда келген. Содан кейін жарты жыл бойы мен оны жаздым. Сосын шығармашылық тобымды жинадым. Ақпан айында біз 30 шақты адам болып, фильмді Астананың қысында түсірген болатынбыз.

 

«Байқоңыр» кинофестивалінің үздіктерін анықтау үшін кәсіби мамандар әлемнің түкпір-түкпірінен жиналады. Бұл жолы Қырғызстан, Грузия, Әзірбайжан, Ресей, Армения елдерінің киногерлері үміткерлердің жұмыстарына өз бағасын берді.

Мариам Оганян, әділ қазы алқасы (Армения):

Шын мәнінде, әрбір деталь маңызды. Тақырыптың өзі, оның қалай ашылғаны, фильмнің жасалу деңгейі — бәрі-бәрі ескеріледі: операторлық жұмыс, музыка, және, әрине, негізгі идея. Сондықтан біз осының барлығын мұқият саралап, әр фильмді жеке қарастырдық, талқыладық.

 

Марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға тек диплом табыстап қана қоймай, үздік үштікке арнайы грант сыйға тартты. Яғни, олардың туындылары бір жыл көлемінде жоба ұйымдастырушылардың көмегімен кеңінен таралып, толыққанды жарнамасы жасалады. 10 жылдық тарихы бар «Байқоңыр» кинофестивалі келесі жылы да жас таланттарды күтеді!