– Баян Мақсатқызымен қайта жұмыс істеуді бастадыңыз. Жалпы қалай екен, атмосфера өзгерген бе кеңседе?
Элизат Берікова, әнші:
– Рақмет, менде өте қуаныштымын! Енді бұрынғыдан қарағанда, қазір әрине, өте мүлдем бөлек. Ол кездері біз кішкентай қыз болғанбыз. Қазір енді семейное положение басқаша. Қазір біз уже мамамыз.
«Қайтып кірер есігіңді қатты жаппа!» Элизат Берікова 2018 жылы КешYOU-ден кеткенде өзге қыздар секілді басшылығын ренжітпеген. Керісінше, Баян Мақсатқызымен жақсы қарым-қатынаста қалған. Соның арқасында, Элизат экс-продюсеріне қайта оралуға мүмкіндік алған.
– Сіз қайтып келген кезде, Баян Мақсатқызының эмоциясы қалай болды?
Элизат Берікова, әнші:
– Баян Мақсатқызына өзім келдім. Ол жерде бір сондай эмоция болды деп айта алмаймын. Содан кейін менде қазір жұмысым жоқ. Менің жұмыс істегім келеді деп.
– Сағынғаныңызды айттыңыз ба? Сағындым сіздерді деп.
– Айттым. Өзім жылағым келіп кетті. Шынымен де сағындым мен.
Баян Мақсатқызы Элизатты соло әнші ретінде танытуға ниетті екенін ашық айтқан. Өнерге қайта оралуды аңсаған ару да продюсердің қойған шарттарына толықтай келіскен. Еске салсақ, келісімшарт бойынша КешYOU-лік аруларға тұрмысқа шығуға тыйым салынған еді. Ендігі шарт өзгерді ме, оны әншінің өзінен сұрауды жөн көрдік:
– Қазір қандай талаптар бар?
Элизат Берікова, әнші:
– Сол ең бірінші ол – отбасын құрмау әрине. Күйеуге шығуға болмайды. Менде 5 жыл контракт.
Продюсердің қойған талаптары тек ол емес. Элизат жаңа образ қалыптастыру мақсатында трансформациядан да өткен екен.
Элизат Берікова, әнші:
– Имиджден басталды негізі бәрі. Шаш бояу, шаштың түсі өзгерді. Біз басында ерінімді жасатқан едім, соның бәрін алдыртып тастады.
Өнер иесі имиджін өзгертсе де, ән айту стилін толыққанды жаңартуға ойы жоқ сынды:
Элизат Берікова, әнші:
– Енді мен жанрым қазір RNB стилінде қалады. Бірақ ішінде міндетті түрде рэп болады. Сондықтан бір ән жазылып қойды. Жақын арада шығады. Оған клип түсіріп, артынша екінші ән дайындалып жатыр. Ол жерде де рэп. Сондықтан басқаша Элизатты көресіздер!
Жоспар бойынша вокал, хореография, фотосессия, ән жазу, бейнебаян таспалау. Бұл Баян Алагөзованың қарамағындағы артистердің күнделікті өмірі. Десе де:
Элизат Берікова, әнші:
– Қазір, дәл қазір қиындау болып жатыр. Бұйырса енді жақын арада күтуші алу керек болып жатыр. Өйткені менің жұмыстарым өте көп. Сондықтан үлгере алмай жатырмын.
Дегенмен шығармашылыққа белсене кіріскен әншінің жолына ештеңе бөгет бола қоймас. Алдағы уақытта Элизат Берікованың «Өзіңе» атты жаңа релизі тыңдарманға жол тартпақ. Қазіргі таңда өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында аталмыш туындысының үзіндісін жариялап үлгерді.