Баян Мақсатқызы өзгеше амплуада!

Сообщить о проблеме с эфиром

Олжас Нұрбай, режиссер:

Лейлда деген кейіпкер бар. Ол тыныш жүрген, жуас дәрігердің бейнесі. Біз соған Баян Мақсатқызын тарттық.

Қалай қызықтыра алдыңыздар? Білуімізше, кез-келген жобаға келісе бермейді. Әлде қателестім бе?

Біз көп ақша төледік ол кісіге. Жоқ, негізі олай емес. Ол кісі де қатты қызығып, «мен негізі мынадай рөл сомдамағам ғой, қолымнан келе ме?»-, деп қатты уайымдады. Біз үйреніп қалған рөлін ойнап жатқан жоқ.

 

Басты рөл Әбунасыр Серіковтың қоржынында. «Кейіпкердің прототипі әзілкештің өзі»,- дейді режиссер. Мамандар сценарийді да актерджің типажына сай жазуға тырысқан көрінеді.

Әбунасыр Серіков, актер:

Немістер туралы, концлагерьде сатқындардың рөлін ойнаймын.. Бірақ мен сатқын болып шықпаймын. 5 минут өтті мені шақырып жатыр.

 

Айтқысы келмегенімен, нақты ақпар мынадай. Әзілкеш-актер жалғызбасты әкенің рөлін сомдайды. Ал кейіпкердің 3 қызын ойнау Алма, Аида Құрманғалиева мен Жазира Еркінге бұйырған.

Жазира Еркін, актриса:

Менің кейіпкерім өте ауыр проблемасы бар жас қыз туралы. Орта жаста, 32-33-тегі қыз. Сырт көзге әдемі, сондай жинақы, тиянақты, бір жұмысы бар, артында бірдеңесі бар сияқты қыз болғанмен, өмірдегі қиындықтары өте көп.

 

«Кейікерім қыздарға дұрыс иерархия құрудың маңызын ұғындырады»,- дейді Жазира. Бар жауапкершілікті мойынына артып, ата-анасын баласындай көретін аруларға айтары мол туынды деп түйіндеді сөзін. Рөлін түгендеген соң, гонорарын білуге асықтық.

Жазира Еркін, актриса:

Гонорарыңызды біле аламыз ба осы фильмдегі немесе жалпы? Енді қазір портфолио толды дегендей?

Бір құнажын бар енді

 

Түсірілім 18 күнге жоспарланған екен. Сахналардың басым бөлігі Екібастұзда таспаланбақ.

Олжас Нұрбай, режиссер:

Қиын сахналар бар дедіңіз ғой, қандай сахналар?

Иә, Екібастұздағы көпірден көлікті құлаттық. Иә, кәдімгі көлікті құлатып, лақтырып оны. Сондай сахналар бар. Сосын жаңағы қаланың ішіндегі сахналар бар. Соның өзін 2 күн түсірдік тек қана. Сонда қарап отсақ, кинодағы ол 1 минуттық дүние шығар.

Каскадерлар орындаған шығар?

Иә, әрине. Бізде менің сүйікті Nomad Stunts жігіттері:

 

Аталмыш сахнаны түсіру үшін көшелердегі қозғалысты тоқтатқан көрінеді. Сондай-ақ, екі бірдей қызыл түсті жигули көлігін іздеп әбігерленгендерін айтты.

 

Бұл нәзік жандыларға арналған туынды. Бірақ тек арулардың күйін күйттемей, ерлердің жалғыздығын да тілге тиек етеміз дейді жоба авторлары. 3 жыл дайындалған туынды үлкен экранға 2026 жылы жол тартпақ.