Заманауи Шәмші АRО енді той бизнеске бет бұрмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

ARO, музыкант:
Шағын ғана кеңістікте концерт беріп үйренгенсіз, үлкен аренаға шығуды көздейсіз бе?
Иә, әрине. Өзінің лайықты деңгейінде өткізе алатын болсаң. Ал енді бір халықтың құр басын жинап, әйтеуір бір есеп беру ретінде, өткізе салу деген ондай жоқ. Менің өнерімді 2020 жылдан бері қадағалап жүрген адамдар жалпы біледі, менің осындай гитарада, кішігірім кештер ұйымдастырғанымды жақсы көреді.


 

Екі бөлімнен тұратын кеште сізді түрлі қызық күтеді деп сендіреді Арман. Жаңа ән де, түрлі би де, ерекше коллаб та болады. Концертте тіпті Ароның альтер эгосымен танысасыз.
ARO, музыкант:
– Аро мен Арман Сейтжаппарды екіге бөлуге не себеп болды?
– Мен жалпы Аrо мен Арман Сейітжаппардың шығармашылығын бөлдім деп, халыққа жалпы таныстырып, жаңадан әнмен ұсынып жатырмын ғой. Аrо деген бұл жалпы менің өнерімнің қиындатылған түрі ғой. Музыканттарға арналған шығарманы Аrо шырқап келді күні бүгінге дейін. Енді кәдімгі екінің бірі емін еркін тыңдап, құлағына сіңіре беретін жаттап айтып жүретін әндерді Арман Сейтжаппардың аузынан еститін боласыздар.


 

Альтер эгом маған табыс табуыма көмектеседі дегенге келтірді музыкант. Бұл талантты саудалау емес, өзі қалайтын өнерді қаржыландырудың амалы ғана. Сондықтан тыңдарман шатаспас үшін өнерпаз киіну стилін де өзгертпек.
– Арман Сейтжаппар тойға көп шыға ма?
ARO, музыкант:
Қазір ұсыныстар болып жатыр, бірақ әзірге бас тартып жатырмыз. Қалай өнер көрсететінімізді елестетіп жатқан жоқпыз тойда. Бірақ жанды дауыста, гитарамен, жаныма кахонымды алып, бара берсем болатын шығар.
– Аrо мен Арман Сейтжаппардың тіпті киіну стилі де екі түрлі бола ма?
– Ыыы... қалай айтсам екен? Арман Сейітжаппарды көбіне классикалық киім үлгісінде көретін шығарсыздар деп ойлаймын.


 

Ән айту стилі ерекше музыкант тың эксперименттер жасауды ұнатады. Осы тұста желіні жарған «Адай» күйінің әндетіп орындалуына қатысты сұрақ қойып көрдік.

Сіздің әндеріңіз өте жылдам әндер ғой. Минутына қанша сөз оқисыз?

ARO, музыкант:

ОхххАдайдан кейін көп айтып кетті осы әңгімені. «Мектепте минутына қанша сөз оқыдың?» деген секілді. Жалпы андай қырып, тез оқимын деп айта алмаймын сөздерді. Тек жаңағыдай жаттап алған сөздерді тез-тез айтуға болады шатаспай. Миыңа сіңбеген сөздерді оқудан жылдам емеспін.
 

Дәстүрлі әуендерді заманауи интерпретацияда шебер орындайтын Арман бұл кеште тек шынайы тыңдарманымен еркін көсілуді мақсат етеді. Ал концерттің соңы немен жалғасады деген сұрағымызға былай жауап берді.
ARO, музыкант:
– Жаңа альбоммен жалғаспайтын шығар, бірақ турмен жалғасуы мүмкін.

Көп сұрап жүр адамдар, өзінің қалаларында. Бұрын болған бір-екі жер болуы мүмкін мысалы Астана, Орал деген секілді. Бірақ, қалған қалаларды айтпай-ақ қояйын.