Нәтижесінде музыкант концерттік турмен Қазақстанды аралап келген соң, Алматыда жеке ән кешін 11-қазан күні беруді ұйғарған. Кеш қонақтары қатарында хитмендер Алем мен Қазбек Құрайыш болды. Батыр поп жанрындағы трекпен көпшілікті билетсе, Қазбек лирикалық әндерімен тыңдарманды ерекше атмосфераға бөледі.
Ал концерт тізігіні Дәулет Исраил мен Аңсаған Садырханда болды. Жүргізушілер кеш бойы көрерменмен интерактив орнатып, тыңдарманға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Дәулет Исраил, жүргізуші, блогер:
– Сахнаға шығып жүрген адам бәрібір қобалжу керек сәл болсын. Өйткені халықтың мысы бар. Сол үшін де алдына шыққан кезде дұрыс сөз айту керек. Уайымдайсың.
Аңсаған Садырхан, стендапер, блогер:
– Өзіміздің әзілдерге, өзіміздің сценарийге сеніп шықтық. Және сенім ақталды деп ойлаймын. Адамдардың барлығы мәз.
Камера алдында құпиясын ашып қоямын да деп қорықты ма белгісіз, Мирас концерт бойы біздің микрофоннан қашумен болды. Есесіне жақын достары қолдау білдіруден аянып қалмады.
Дәулет Исраил, жүргізуші, блогер:
– Жалпы дайындалып жүргеніне Мирастың жарты жыл болды ау. Сосын Мирас биге қатысып жүр. Вокал бар. Өте үлкен жауапкершілік қой бұл. Үлкен жүрек керек қаншама энергия бар. Қаншама қаражат! Енді мәселе ақталу ма, ақталмау да емес. Тыңдарманға ұнау бастысы.
Өкінішке қарай, Мирастың бұл арманы толықтай жүзеге аспады. Күздің суығынан ба белгісіз, концертте солд-аут болмады. Десе де кешке еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қатысты.
Көрермен пікірі:
– Оның «Зымыран» әнін өте жақсы көремін. Мирастың дауысы ұнайды маған.
– Мен бір өлеңін жақсы көремін. Оның аты «Уақыт».
– Мирас краш біріншіден!
– «Әндетемін» әнін өте қатты сүйіп тыңдаймын.
– Сіз де Мирастың фанатысыз ба?
Анель Кенжебекова, блогер:
– Иә, фанатымын. 2020 жылдан бері сырттай таныспыз. Былай енді дос ретінде араласқанымызға 1-2 жылдай болып қалды