Дастан Оразбеков, әнші, жеңіл атлет:
– 5 жылдық еңбек өз жемісін берді. Басқа уақытта бітіремін деген ой болған. Бірақ, сәл кешіктік. Күтпеген тосынсыйлар болды, адасып қалдым өзім. Содан 20-30 митнутай уақытымды соған жоғалтып алдым. Бірақ бәрі дұрысталып, өтіп келдік.
Дастан мырза бұл байқауға 5 жыл үздіксіз дайындалған. Аталмыш шараға дейін 2 рет олимпиадалық триатлон жарысында бақ сынаған екен. Еліміздегі марафондарды да қалт жібермей келеді.
Дастан Оразбеков, әнші, жеңіл атлет:
– Мен дайындықты үзбеймін, концертіме де пайдалы болғандықтан күн сайын жүгіремін. Негізгі дайындық күзде, толық триатлонға.
2 мәрте жартылай қашықтықтағы Ironman-де бақ сынаған екен. Мәреге жете алмай қалған сәттер болғанын жасырмады. Бірақ осы жолда кездескен сәтсіздіктерге сынбай, соңына дейін күрестім дейді.
Дастан Оразбеков, әнші, жеңіл атлет:
– Бүгін қашықтықты өте алмай қалдым. Соңғы 11 шақырымда аяғым тайып, жүре алмай жатыр қазір.
Байқау 3 кезеңнен тұрады. Қатысушылар 3,8 шақырым жүзіп, 180 шақырымды велосипедпен бағындыруы тиіс. Содан соң 42,2 км марафоннды жүгіріп өтуі керек. Барлық қиындықты еңсеруге 16 сағат беріледі екен. Ал Дастан Оразбеков мәреге 12 сағатта жеткен.
Дастан Оразбеков, әнші, жеңіл атлет:
– Сол жердегі жергілікті тұрғындардың қарым-қатынасы тамаша, ол кісілерге спорт мерекесі секілді. бүкіл халық, бүкіл азаматшалар қолдау көрсетіп, танымаса да айғайлап, жігер берген кезде шаршауың артта қалатын сияқты… Велосипедпен жүрген кезде біраз жалғыз жүресің. Десе де жүгіріп келе жатқан уақытта, соңғы этап қой, сол кезде қолдадың көкесі болады.
Дастан мырза Ironman-ге тағы да қатысқысы келетінін айтып қалды. Әнші толық қашықтықты бұдан да аз уақытта еңсеруге ниетті екен. Елімізде өтетін триатлон жарысын да қалт жібермеспін деп отыр. Ал басты мақсаты Oceanman-ді бағындыру.
Дастан Оразбеков, әнші, жеңіл атлет:
– Жанұяма, достары, қолдау көрсеткен барша жанға рақмет. Мен жалғыз барған жоқпын. 6 жанұя болып бардық. Достарым бірінен кейі бірі келіп. Италияға мені қолдауға келді. Сондай қолдау барда қуатты сезінесің.