Айқын Төлепберген көпбалалы әке атанбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айқын Төлепберген, әнші:

5-бала дайындық керек емес, жүре бересің. Негізі, көпбалалы әкелерге жоқ па ешқандай көмек, Себебі, қанша дегенмен ана өмірге әкелгенімен, асырап жатқан мен ғой бесеуінде. Бізге де бірдеңе берсін де

 

Көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан тағайындалған көмектер баршылық дегеніміз сол еді ойының әзіл екенін жеткізді. «Зәру емеспін, қажет жандарға бұйырсын»,- дейді әнші.

Айқын Төлепберген, әнші:

Қалжын ғой, негізі. Балаларымның барлығы түрлі үйірмелерге барады. Әрқайсысы екеуден. Мемлекеттен барып, әкімшіліктен жәрдем алуға болады екен. Бірақ, мемлекетттен ештеңе сұрамаймын.

 

Айқын мырза 2 ұл 2 қыздың әкесі. Бесіншісі кестетігер ме? Әлде атұстар бола ма? Сұрадық.

Айқын Төлепберген, әнші:

Осы Жұлдыздың 30-ға толған туған күнінде биыл Парижге барғанбыз. Сондықтан бұл Парижгүл не Амстердамгүл не Берлингүл.

Есімін ойластырдыңыздар ма/
– Атын ойлап отырмын, екі нұсқа бар. Шыққанда жазамын, ертерек айтпай-ақ қояйын. Қазақта ырым барғой

 

Жұлдыз ханым да ырымға сенетін сияқты. Кереует пен басқа жабдықтарды алуға асығыс емес. Кішкентайды қолыма алмайынша сатып алғым келмейді,-дейді.

Жұлдыз Өмірғали, әнші:

Перзентханаға сқмке дайындаған жоқпын. Бірақ балаларымның бұрыңғы киімдерін жуып, тазалап дайындап қойдым. Енді гигиеналық заттарды дайындау керек. Жалпы 50 пайызға дайынбыз.