Сахнаға кеш қонақтары Дильназ Ахмадиева мен Мақпал Исабекова шыққан кезде көрермен қуанышын жасыра алмады. Танымал жұлдыздар тыңдарманды ғажайып атмосфераға бөледі.
Дильназ Ахмадиева Dequine-мен бұрын соңды таныс болмаса да, жас музыканттың бетін қайтармаған. Оған себеп:
– Ол маған бұл концертте менің құрбыларым, жерлестерім өнер көрсететінін және Мақпал екеуміздің Декуиннің шығармашылық шыңдалуына шабыт бергенімізді айтты.
Данеляның сөзін жерге тастамағандардың қатарында нью-скул өкілі Ayau да бар.Замандастар бір-бірінің шығармашылығын сырттай бақылап жүрген екен.
Ayau, музыкант:
– 16 жасымнан бастап тыңдаймын, білемін. Ол кісінің өнер мен бағалаймын және де менің ойымша әйелдер арасынлдағы үздік әртістердің бірі деп есептеймін.
Dequine әлеуметтік желіде концерттің құпия қонағын жариялаған кезде барлығы таңқалған-ды. Екі түрлі жанрда ән шырқайтын Ерке Есмахан мен Данеляның тандемін күткендер аз болмады. Алайда ол коллаборацияны көру бізге бұйырмады. Себебі, Ерке сәбиінің денсаулығына байланысты кешке қатыса алмады.
Бұл концерт өзгелерден ерекше! Dequine тыңдарманынан дресс-кодқа сай киініп келуін талап етті. Фанаттар да ережеге сәкес, алтын түстес әшекейлермен әрленген қызыл реңктегі образдармен келді.
Айсұлу Азимбаева, актриса:
– Маған концерттің дресс-кодын жіберген кезде мен қуандым. Себебі, бұл сүйікті артистіңді қолдаудың ең қызықты форматы секілді.
– Дресс-код бойынша киініп келген тұғым. Осындай шашымды өріп, оған қызыл лента қостым және де стрелка жасағанмын.
– Біз дресс-кодқа сәйкес макияж жасап, стильді киінуге тырыстық.
– Мен 90 - жылдарға сәйкес киіну үшін барлық досымды көмекке шақырдым.
Dequine концерт соңында эмоцияға ерік беріп, көптен бергі арманы орыналғанын жеткізді. Әншінің тілегі үлкен сахнада соло кешін лайв-бэндтің сүйемелдеуімен жанды дауыста өткізу болған.
– Несімен ұнайды Dequine?
– Оның өзіне деген сенімділігі өзге қыздарға да шабыт береді.
– Мен Петропавлдан ол үшін арнайы келдім.
– Ол өте шынайы. Оның шығармашылығымен бұрыннан таныспын.
– Әр көңілім түскен сайын Dequine-нің мотивацияға толы сөздерін есіме аламыр.
– Ол тректері мен жүрегімнен ерекше орын алады. Сол үшін мен оны қатты жақсы көремін.