Актриса Баконайдың қалыңдық атануға дайындалып жүр ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, тілші:

Қазақстанда тұңғыш рет поэзия театры ашылды. Толқын Нұрбекова, Дархан Сүлейменов, Бақытгүл Серікбаева сынды кәсіби артистерден құралған шығармашылық ұжым көрерменге ерекше форматта қойылым ұсынбақ. Бұл жолы спектакль пьеса негізінде емес, поэзия желісінде. Ендеше жүрек тербетер жырларды бірге тыңдайық.

 

Елімізде тұңғыш рет поэзия театры шымылдығын түрді! Шығармашылық топ алғашқы қойылымына «Уақыт – үнсіз куәгер» деп ат қойған.

Қойылымдағы қандай да бір өлең сіздің жан дүниеңізді суреттей ме?

Бақытгүл Серікбаева, актриса:

Қандай сұрақ қоюды біледі екенсің, иә. Бұл оқылатын поэзияларымның ішінде өзімнің өміріме қатысты поэзиялар жоқ деп өтірік айта алмаймын.

Жас театр әртістеріне бір ғана талап қойылған. Ол:

Толқын Нұрбекова, актриса:

Жан дүниеңмен жай ғана өлең оқып отырып көрерменмен сырласу деген тапсырыс болды.

 

Сахнада 7 кейіпкер. Оларды байланыстыратын бір-ақ нәрсе. Ол – махаббат! Қойылымға білімгерлермен бірге кәсіби актерлер де қатысқан. Атап айтсақ, Бақытгүл Серікбаева, Дархан Сүлейменов, Толқын Нұрбекова.

Сахнада поэзияның сөздерін ұмытып қалатын кездер болды ма?

Бақытгүл Серікбаева, актриса:

Ондай моменттер өте көп болады.

Бірақ импровизациямен шығасыз ғой?

Импровизациямен иә. Бұл кеште жалпы импровизация өте көп. Әсіресе Дархан Сүлейменовтен.

Дархан Сүлейменов, актер:

Енді бұл жерде жаңағыдай драма емес. Ал бұл жеңіл, на лайте болғандықтан арасында импровизация кететін сәттер бар енді.

 

Театр актрисасы Бақытгүл Серікбаева поэтикалық кеште махаббат жайлы өлең оқимын деп жүріп, сезімге беріліп те кеткен сыңайлы:

Мүсірепов театрында да, поэзия театрында да Баконай үнемі ғашық болып жүреді. Ал өмірде ше? Ғашық па Баконай?

Бақытгүл Серікбаева, актриса:

Әрине. Жалпы өнер адамдары үнемі ғашық болып жүруі керек деп ойлаймын.

Саунд-драма жанрында қойылған кеште поэзия да оқылды, ән де шырқалды. Ал көрермен өлең арқылы ішкі-жан дүниесімен тілдесті!

Ұлболсын Шалқарова, актриса:

Иә, маған өте ұнады. Сондай қуанып тұрмын келгеніме. Әсіресе осындай әдемі сондай романтикаға толы спектакль көргеніме қуандым.

Бүгін бір сондай сезімге, махаббатқа толы әдемі бір спектакль болды.

Бұндай спектакльдер негізінде поэзия сүйетін, лирика сүйетін көрерменге өте керек деп ойлаймын.