6 сағатта sold out! Ернар Амандық жеке концертін берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Екі сеанс та бір тәулікке жетпей аншлаг болып кетті. Осындай нәтиже күттіңіз бе?

Ернар Амандық, музыкант:

Күткен жоқпын. Мүлде күткен жоқпын. Жалпы концерт болады дегеннен қатты қобалжып жүрдім. Мына жағдай орын алғаннан кейін екі есе. Өйткені, маған жауапкершілік өте көп болды.

 

Ернар Амандықтың шығармашылық жолы 3 жыл бұрын бастау алған еді. Содан бері әр әні хитке айналды, фан-база қалыптасты. Мәселен, «Кейіпкер» трегі ютуб хостингінде бүгінге дейін 20 миллионнан астам қаралым жинаған.

Зарина Кармен, актриса:

Шыны керек, біз осыдан бір жыл бұрын Фархад Молдағали режиссермен осы концерті армандағанбыз. Ернардың концертінде Республика сарайында оны төрден көру қалауымыз болды.

Тамағыңыз ауырып қалған жоқ па? Бәрі дұрыс па?

Ернар Амандық, музыкант:

Тамақ ауырып қалды, иә. Тамақ ауырып жүр еді негізі. Қайта-қайта су ішу арқылы тамақты жібітіп отырдық.

 

Десе де Ернар саспады. Күш жігерін жинап, сахнада бар өнерін салды. Бірі білсе, бірі білмейді музыканттың бірінші мамандығы дәстүрлі әнші. Ол көрерменге шығармашылық жолын қалай бастағаны жайында естелігімен бөлісіп, «Сандуғаш» туындысын орындады.

 

Ернар Амандық түрлі аспаптарда ойнап, жүрек жарды туындыларын орындап қана қоймай, фанаттарымен сыр бөлісті. Ол сахнада әндерінің тууына себепкері болған «Кейіпкерінің» залда отырғанын мәлімдеп, сезімін білдірді. Алайда бақытты арудың есімін құпияда қалдыруды жөн көрді.

Бүгінгі концертті сіз кімге арнадыңыз?

Ернар Амандық, музыкант:

Бүгінгі концертті айтпай-ақ қояйыншы кімге арнағанымды. Бірақ арнадым. Өзімнің ішімде қалсын

Әбілмансұр Серіков, актер:

Ернарды білеміз ғой енді. Жалпы репертуарын білеміз. Бірақ, енді бүгін маған Ернар басқа қырынан ашылды. Бір сөзбен айтқан кезде космос болды.

Жылайтын жерінде жылап алдық енді.

Қай жерінде жыладыңыз?

«Мені күт» деген ән менің өмірімде де ерекше орын алады. Сондықтан бір сезімге ерік беріп...

Демек сіз де жүрегіңіздің иесін күтіп жүрсіз ғой?

Кім ондай сұрақтарыңды қойма...

Ол мені күтіп жүрген сыңайлы…

 

Кеш соңында концертке келген Ернардың жанкүйерлері эмоциясын жасыра алмай, сахнаға қарай ұмтылды. Музыкант та қуанышымен бөлісуге келген фанаттарымен хит тректерін бірнеше мәрте орындап, тыңдарманынан ұмытылма сестеліктер сыйлайды.