Көптен күткен ұлы той! Қанат Тасхан мен блогер SSS-тің неке қиғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дүрия Қыдырбек, тілші:

Көптен күткен ұлы той! Құрметті көрермен біз бүгін Қанат Тасхан мен Сабина Мовлаеваның неке қию рәсіміне келдік. SSS Айжамалдың орынын баса ала ма? Жауабы «Жездуха Кореяда» фильмінде. Revue News жабық көрсетілімдеміз.

 

«Жездуха Кореяда». Миллион командасы тағы бір толықметрін таспалады. Көші-қон бағдарламасы бойынша оңтүстіктен солтүстікте барған жігіттер бұл фильмде таңғы шық еліне саяхаттамақ.

Корея үкіметінде қандай талаптар болды?

Қанат Тасхан, актер:

Кореяда ешқандай рұқсат алған жоқпыз. Сақтанып жайлап, түсіріп алдық, шымкенттікке салып. Сеулде, орталық қаласында түсіру қиын болды. Рұқсат жоқ өйткені. Полицейлер келіп қалса сені елден шығарып, түсірілім сол жерден тоқтауы мүмкін. «Ана жаққа қарап тұршы, келіп қалмасын!»- деп, зу-зу етіп түсіріп алдық..

 

Кореяда фильм түсіру қалтаны қағатынын жасырмады. Бюджет 260 млнға бағаланғанымен, күтпеген шығындар көп болды дейді шығармашылық ұжым.

Әр елдің салты басқа дейді ғой. Түсірілім кезінде заң бұзып, айыппұл төлеп, заңға тартылған кездеріңіз болды ма?

Мансар Орынхан, актер:

Иә, иә болды. Қанат екеуіміз көліктен қолымызды шығарған болатынбыз. Тәртіп сақшылары бейне жазу камерасынан көріп, екеуімізді шақырып, айыппұл салды.

Ерболат Заркумов, актер:

қанша?

Шамамен 800 мың теңге айыппұл төледік, тұрағына қойдық.

 

Боевик, драма, комедия. Фильм үш бірдей жанрды қамтиды. Әзілкеш-жігіттер халықты сендіру үшін аянып қалмадық дейді.

Экшн сахналарда сіздерді каскадерлер алмастырды ма? Әлде өздеріңіз сомдадыңыздар ма?

Өзімізге үйретті. Бізде сол ары кетсе жарты сағат бір сағатта үйреніп алдық қой.

Мансар 16 сағатта деген?

Мансардікі ұзақ болды.

Қанат Тасхан, актер:

Негізі каскадерлермен дайындалу үшін 1 күн кетеді екен. Біз бір сағат бұрын шақырып дайындалып алдық. Оны бір күн жалдайық десек ақша кетеді..

 

Кастқа Корей елінің актрисалары да таңдалған. Мансар мырзаның ғашығын сомдаған шетелдік талант гонорарын 5 млн-ға бағалаған. Айтпақшы, фильмде блогер SSS-те бой көрсетеді екен. «Тегін түспеймін, қаламақымды алдым!»-дейді танымал-ару.

Қанат Тасхан, актер:

Неге кастқа таңдалғандар қатарында Сабина Мовлаева жоқ?

Сабина бар ғой, тек біз көрсетпедік. Сабина бар, сіздер күтпеген жерден шығады.

Қандай рөл айтып беріңізші, кішкене спойлер?

Сабина екеуіміз үйленеміз.

Сабина Мовлаева, блогер:

Айжамал ше? Айжамал қайда қалды?

Оны айтқан жоқ па

менің вообще кінам жоқ, біреуді ажырастырмаймын.

Осы рөлден кейін де хейтке қалам деп ойламайсыз ба?

Осы кинодан кейін түсінеді не үшін маған үйленетінін.

 

Сабина Айжамалдың рөлін толығымен алмастырады десеңіз, қателесесіз. Сүйікті кейіпкерлеріңізге айналған жездуханың жары бұл толықметрде де маңызын жоғалтпайды.

Мақсат Бөбей, актер:

Айжамал рөлі мезі етпеді ме?

Жоқ, мен тағы да ойнаймын деген себебім, мені халыққа танылып, бізден халыққа пайдам тисе неге ойнамасқа дедім?

Тағы қанша жыл осы рөлді сомдауға дайынсыз?

Көрермен сұрап тұрса ойнай береміз ғой.

 

«Жездуха Кореяда» фильмі үлкен экранда. Алғашқы толықметрі миллиард жинаған жігіттер бұл жолы да топ жаруға дәмелі. Кассалық жиында миллиондықтар көш бастасын десеңіз, кинотеатрға асығыңыз.