Алаяқтар шоу-бизнес өкілдерін де айналып өтер емес. Анеля Кенжебекова 50 млннан қағылдым деп мәлімдеме жасап еді, артынша Жазира Еркін де қылмыскерлердердің құрбанына айналғанын жар салды.
Жазира Еркін, актриса:
– Жалпы өзіңіз интернет алаяқтардың құрбанын айналған кездер болда ма?
– Болды ғой, бірнеше рет болды. Бірақ біреуін қайтарып алдым. 10 млннан айырылып 10 млн қайтарып алғанмын.
– Мәсаған, кімге сендіңіз сонша?
– Енді сондай ол мәселе алаяқтың мықтылығында емес, мәселе менің аңғалдығымда. Айтады ғой «скупой платит дважды». Арзан жолмен үлкен табысқа жетемін дегеннің өзі үлкен жоғалтуларға алып келеді.
Кинопродюсерлер мәселенің өзекті екенін түсінсе керек, алақтардың жұмыс жоспарын әшкерелеп түрлі туынды таспалауда. Соның бірі – «Балаңа айтпа» толықметрі. Киберқылмыскерлер мен олардың құрбанына айналған қарапайым азаматтардың оқиғасы сурттейтін картинада басты рөл Қуандық Шәкіржановтың еншісінде.
Қуандық Шәкіржанов, актер:
– Сценарий Қырғыз бауырлардан келген. Болған оқиғасы. Барлық елоде болып жатқан оқиға ғой, алдау, тонау, арбау. Интернет алаяқтықтар, сол жайында. Сақ болғңыздар деген сияқты. Ойы бар айтатын. Міндетті түрде үлкен де кіші де көретін кино.
Қуандық мырзаның жарын Бақыт Әліпбаева сомдайды. Бауыржан шоудан бері қызмет етіп келе жатқан әріптестер «жұбайлар рөлін ойнау қиын болмады»,- дейді. Алайды экшн сахналар біраз әбігерге салғанын жасырмады.
Бақыт Әліпбаева, актриса:
– Кәдімгідей біраз уақыт түсірілді. Оған алдын-ала дайындық болды. Сосын Жарты күн кетті ғой. Білмейм, кинода қанша минут алатынын білмеймін. 2-3 минуттық кадр шығар. Соған жарты күн кетті.
Кастқа таңдалғандаро қатарында Жазира еркін де бар. Актриса бұл жолы тыныштықты күзеткен тәртіп сақшысының рөлінде.
Жазира Еркін, актриса:
– Көргенімізге қуаныштымыз! Капитан шені құтты болсын. Форма да жараса кеткен. Рөліңіз туралы айтып беріңізші?
– Рақмет, байланыста капитан Мұсабаева. Қазіргі уақытта жұмыс атқарып жатырмыз...
– Менің рөлім салмақты, погоныма лайықты.
– Жазира шенді мамандардың қызметін тереңнен түсіну үшін арнайы зерттеу жүргізген. Жұмыстарымен толық танысқан соң «қызметтерің қиын екенін ұқтым»,- дейді.
Жазира Еркін, актриса:
– Бұл фильмде алғаш рет төбелестім і ғой. Сахналалық қозғалыспен төбелес қойдық. Аса қиын болған жоқ. Өзім спортпен шұғылданамын, биге барамын деген сияқты. Өзім үшін жақсы тәжірибе болды.
– Төбелес сахналдарды қанша уақыт қойдыңыздар? Жарақат алып қалмадыңыз ба?
– Өй, 10 минутта. Икем бар ғой ..десең иә.
Ақымақ ұрының рөлі бұйырған Бексұлтан Піләл «түсірілім оңайға соқпады»,-дейді. Бұлай дейтіндейі бар-ақ.
Бексұлтан Піләл, актер:
– Ойлашы,көлік келе жатады, сен машинаның ішіне терезеге секіру керексің. оңай болған жоқ. Бірнеше рет дубль жасадық. Бір рет иығым тіреліп қалады, бір рет қолым.
Фильмнің режиссері Дархан Саркенов. Комедия жанрындағы картина көрерменнің көңілінен шығады деп сенеміз.
Эрнар Курмашев, кинопродюсер:
– Фильм прокатқа наурыз айында шығады. Үлкен маркетинг тобы жұмыс істеп жатыр. Нәтижесін көресіздер.