Еліміздегі ең ауқымды спорт мерекесіне әлемнің түкпір-түкпініріне желаяқтар келді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше мәдени астанамыздың орталығында Алматы марафоны ұсынған City Run өтті. Ғаламның 20 елінен, атап айтсақ АҚШ, Ұлыбритания, Корея, Франция, Қытай сынды мемлекеттерден келген 147 желаяқ ару қаламыз Алматынының әдемілігіне тамсанып, мәреге жетті.

Зульфия Габидуллина, City Run қатысушысы:

Осы жылдағы барлық спорттық жобаларға қатысып келемін. Адреналин мен осындай атмосфераны ерекше жақсы көремін.

Ина Цой, City ұйымдастырушысы, жаттықтырушы:

Мен бірінші рет марафонға қатысып тұрмын, қатты келгім келген еді. Осындай мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Мәреге жетемін деген үміттемін.

 

Бір қашықтық! Бір алаң! Бірақ әр түрлі мотивация мен түрлі жас ерекшелігі. 10 км қашықтықды бағындырғандар арасынан жап-жас бозбаланы да, жүгірісі ширақ қартты да байқауқауға болады.

 

Валихан Тен, Almaty Marathon-ның жүргізушісі, жаттықтырушы:

Қаланың орталығында өтетін спорттық шаралар өте аз. Ал бүгін мәдени астанамыз City Run қатысушылары үшін алаңын махаббатпен ұсынды.

 

Креатив - City Run қатысушыларының екінші аты! Жеңіл атлеттер бұл жолы ерекше образдарымен көзге түсті.

Валихан Тен, Almaty Marathon-ның жүргізушісі:

Барлық қатысушылар түрлі сыйлықтарға ие болады. Бірақ желаяқтарымыздың дайындығын байқаған соң, тағы 2 марапат қосуды жөн көрідк. Ол ең үздік образбен көзге түсетіндер үшін.

Бұл негізі тауық кастюмі. Көзге түсі үшін. Сондықтан осындай әдемі образ таңдап кидік.

Мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін осылай киіндік. Бұл образды арнайы марафон үшін жалға алдым.

Қазақстанның символы ғой. Бірақ мен оны америкалық стильмен үйлестірдім.

 

Шараға қатысқандар қатарынан тек әуесқой спортшылар ғана емес, еліміздің намысын қорғап жүрген кәсіби мамандар да табылды.

Рақымжан Тельманов, City Run қатысушысы:

Жеңіл атлетикаға қатысып жүргеніме уже 14-15 жыл көлемі болды. Қазіргі таңда жеңіл атлетикадан жаттықтырушымын және де кәсіби спортшы есебінде халықаралық жарыстарда Қазақстанның атынан қатысып келетін.

 

2500 желаяқтың ішінен оқ бойы озып, жүгіру жолағында көш бастаған үздік үштік, мінекей. Қола жүлдені Светлана Кудереч иеленді, ал Константин Баранов 2-орынды місе тұтса, спортшы ару Дарья Миллер жеңімпаз атанды!

Светлана Кудереч, City Run жеңімпазы:

Мен кішкене ауырып қалдым. Бірақ мен бұл марафонды өткізіп ала алмадым. Сол үшін де өмірімде бірінші рет осындай образда жүгіруге тура келді.

Дарья Миллер, City Run жеңімпазы:

Бәрі өте керемет. Маған барлығы ұнады. 36 мин 19 секунд. Жеке рекорд.

 

City Run – жай спорттық шара емес, ғаламның желаяқтарын бір алаңға тоғыстырып, олардың арасында ұлтаралық берік байланыс орнату. Әр жанның тек физикалық қабілетін арттырып қана қоймай, олардың рухани өсуіне үлкен ықпалын тигізеді. Салауатты өмір салты – әрдайым алға жетелейді.