Қойшы бала лақап атымен танылған Айдос Кәден тағы да продюсер ауыстырды! Еске салайық, осыдан 4 жыл бұрын өнерін қойларына көрсетіп жүрген жас талантты, Жігер Ауыпбаев ауыл қорасынан суырып алып, сахнаға шығарған-ды.
Алайда Жігер Ауыпбаев пен Қойшы баланың жұмысы ұзаққа бармады! Шәкірті мен ұстазы бір-біріне деген өкпесін әлеуметтік желіде жарыса жазған еді. Двудың арты продюсерді ауыстырумен шешілді ме деп ек, бірақ көп ұзамай, әнші бала ол жетекшімен де тіл табыса алмаған.
Айдос Кәденұлы, әнші:
– Мен ол кісімен ұзаққа барғым келген жоқ. Кейде ұрсысып қаламыз. Ұзаққа шаппайтынымыз белгілі болды. Енді мен оны әрі қарай созып, құр босқа жүргім келген жоқ. Сол жерден тоқтаттым.
Оған себеп процесстің жоқтығы деп ақталды, қойшы бала. Продюсерімен жұмысы ұнамаса өзі тоқтатып, артынша бірден жаңа жетекші табуға еті үйренген Айдос бұл жолы да әдетінен танбады.
Айдос Кәденұлы, әнші:
– Қазір тағы да жаңа продюсермен жұмыс істеп жатырмыз. Сыйластық бар бір біріміздің ортамызда.
Жаңа продюсер танымал қойшы баланың тұрақсыздығынан қорықты ма белгісіз, бірден келісімшартқа отыруды ұсынған:
Айдос Кәденұлы, әнші:
– Қазір 5 жылға келісімшартқа отырдық. Егер де кімде-кім бірінші келісім-шартты бұзатын болса, айыппұл 17 миллион теңге.
– Шын ба?
– Иә, шын.
Әли Нұржанов, продюсер:
– Қойшы баланың брендін қалыптастыру керек. Әлі ол әлі қалыптаспаған бала. Оны барынша жоғарыға қарай шығарсақ деген ниет бар.
Өнер иелерінің жұмыс істегеніне әлі 1 ай толмаған. Бірақ, әнді де жазып, бейнебаян да түсіріп үлгерген-ді. Ендеше қойшы баланың бұл жолғы продюсерімен жұмысы ұзағынан болсын дейміз!