Мамасарипова сценарийге енгізген осынау бір сахна әлеужеліде қызу талқыланып жатыр. Қазір түсіріліп жатқан «Мен үшін өмір сүр» фильмінің актерлерін сынап жатқандар да, даттап үлгергендер де жетерлік.
Ариан Худаштян, актриса:
– Әлеуметтік желіде Еркебұлан екеуіңізге қатысты кішігірім қаңқу сөздер жүріп жатыр. Осы жайлы түсіндіріп берсеңіз. Ол қандай сахна?
– Мен рөлге келіскен кезде сүйісу болмайды деген маған. Бірақ продюсеріміз кейін қосыпты. Басында келіспедім, тегін істемеймін деп, алғашында 200 мың деп сұрадым, сосын режиссер аз ғой 300 мың сұра деді…
Киноиндустрияға енді аяқ басқан талантты ару «хэйт әсер етпей қоймады»,-дейді. Сөзін «кино үшін жасаған қадамымды көрермен дұрыс түсінер»,-деп қорытындылады. Бұл тақырыпқа қатысты Еркебұланның да айтары бар.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– «Ойбай бұл не сұмдық, қандай сүйіс!?» деп жазып жатыр халық. Әй, бұл кино ғой. Кинода сүйіс былай тұрсын неше түрлі нәрсе көрсетеді ғой. Өмір ғой ол. Кино өмірді көрсетеді.
Толықметрде ғашықтар рөліне Еркебұлан мен Арианды ұсынған Дархан Саркенов. Режиссер бұл жұпты бастапқыда өз жобасына таңдаған екен. Бірақ туындысының түсірілімі кейінге шегерілген соң, аталмыш фильмнің кастына шақыруды ұйғарған. Продюсер де актерлардың жарасатынынбайқаса керек бірден келісім берген.
Фильмнің желісі жетімдер үйінде өскен екі достың оқиғасын баяндайды. Басты рөлде Еркебұлан Тоқтар мен Жасұлан Әйтен.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Бұл фильм достық жайлы. Екі жігіт кішкентай кезінен бірге өскен. қасындағы досы инвалид қой. Сол екі достың қарым-қатынасы туралы..
Кастқа тадалған Жасұлан Әйтен бұл толықметрде жаңа амплуада бой көрсетпек.
Жасұлан Әйтен, актер:
– Режиссермен көп ақылдасып, осы образға жұмыс жасадық. Өмірде социофоб адам. Бала кезінде басынан соққы алған. Өмірде де сондай адамдар кездеседі. Өзімнің көргенім де бар.
Фильм үлкен экранға сәуір айында жол тартпақ. Ендеше, шығармашылық ұжымға сәттілік тілейміз.
Жасұлан Әйтен, актер:
– Бұл фильм достық жайлы, адлалдық жайлы, кешірім жайлы. Бұл кейіпкерлердің өкпе-реніші көп қой. Соның ішінде менің персонажымның реніші көп. Тағдырға, ата-анасына деген реніші бар. Соның бәрін іште тек ашуға берілмей, кешірімділікпен жеңеді.