«91-лік» Аlem болса, «Bayguys» фильміне саундтрек жазды! Еске салсақ, «Жайдарман» жұллдыздары алғашқы толықметрлерінің тұсауын кесті. Жігіттер тырнақалды туындысын Суперқаһармандарға арнаған. Экшн-комедия түсіру кезінде актерлердің жарақат алғаны рас па? Топтың шығармашылығына кімдер қарсы?
2 жыл бұрын толықметр түсіреміз деп сүйіншілеткен «bayGUYS!» жігіттері
күні кеше тырнақалды туындыларының тұсауын кесті. «Жайдарман» жұлдыздары алғашқы фильмдеріне тыңғылықты дайындалса керек. Сценарий желісін 1 жыл жазып, тағы 1 жыл уақыттарын түсірілім жұмыстарына арнаған.
Жалғас Елеусінтегі, «bayGUYS!» командасының мүшесі:
- Шедеврлар ұзақ жасалынады ғой. 15 күнде түсіре сап, 1 айда шықпайды..
Біраз әріптестеріне үндеу ме дерсің. Жарайды, тақырыптан ауытқымай, шығармашылық ұжым 2 жылын сарп еткен толықметрге ойысайық. Фильмнің желісі - суперқаһармандар хақында. Ел басына күн туғанда кенеттен пайда болатын бетперделі батырлар жайлы тұңғыш отандық толықметр. Жігіттер алғашқы комедияларын осылай таныстырды.
Жалғас Елеусінтегі, «bayGUYS!» командасының мүшесі:
- Желісі жалпы неге қазақта суперқаһармандар жоқ деп үш жігіттің ойына осындай идея келіп, соны іске асырады. Ауылда супергеройлар неге жоқ деп сомен киноның соңында түсінікті болады.
Сценарий авторлары –«Таптым-ау сені», «Жетігүл» сынды миллиард кассаға кенелген фильмдердің желісін жазған тіс қаққан мамандар. Жігіттер кастқа да кіл мықтыларды таңдаған. Қайрат Әділгерей, Дариға Бадықова, Жанатбек Байтеков, Жұлдызай Дүйсенбиева бастаған картинаның жанры – экшн-комедия. Бастапқыда фантастика бағытын қамтығысы келгендерін жасырмады. Бірақ көрпеге қарай көсілуді ұйғардық дейдік.
Бағжан Данай, «bayGUYS!» командасының мүшесі:
- Жалпы әдетте айтады ғой, 100-150 миллион кетті деп. Сіздердің шығармашылық шығынның құны қанша?
- 140 миллион.
- Қарызға алдыңыздар ма? Әлде жиған тергендеріңіз бар ма?
- Қарыз, қарыз, иә. Соны ақтау керек болып тұр, ағайын.
Мағжан Нұрғалитегі, «bayGUYS!» командасының мүшесі:
-Бағжанның сындыру керек болды деп, монтажда жасай алмаймыз деп аяғын сындырдық. Жалғастың басын жару керек болды, жарды. Мен 30 келі қостым.
- Шынымен бе?
- Жоқ.
Фильмдегі экшн сахналар жанкешті жұдырықтасудан гөрі, күлкілі төбелеске көбірек ұқсайды. Содан да болар жарақат алғандар жоқ. Бірақ түсірілім алаңына каскадерлерді шақырып, әр қимыл-әрекеттерін мамандармен пысықтаған екен. Айтпақшы, нәтиже қандай болмасын, мұнымен тоқтап қалмаймыз дейді. Енді «Байгайстан» YouTube жобасын үлкен экранға шығармақ.
Бағжан Данай, «bayGUYS!» командасының мүшесі:
- «Байгайстан» жайлы толықметр таспалайын деп жатырсыздар ғой. Қорқыныш жоқ па?
- Кедергі болатын адамдар табылар деген сияқты, шығармай қоюдың себебін былай іздеп қарасақ, себебі жоқ сияқты. Біздің ел жаман деп жатқанымыз жоқ. Кейбір минустарды жанамалап, самориния ма, сондай такқырыпта деген ой боп тұр.
Білек сыбана кірісуге асық жобаларына сәттілік тілейміз. Құрметті көреремен, суперқаһарман фильмінің желісі қалай жалғасарын білгіңіз келсе, кинотеатрға асығыңыз.