Заманауи кеңсе іздейсіз бе? Республика Бизнес орталығы дайын!

Сообщить о проблеме с эфиром

Орталық алаңда орналасқан мына ғимараттардың тарихи маңызы зор. Себебі әр тасы ел үшін елеулі оқиғалардан сыр шертеді. Көз үйренген осынау ғимарат жақында жаңа кейіпке енбек.

 

Әр тұтынушының талап-тілегін ескеретін, өз кәсібіңізге бейімдеуге келетін су жаңа кеңсе іздесеңіз Республика Бизнес орталығына келіңіз. Сыртқы қаспеті сол қалпы демесеңіз, ішкі дизайны заман талабына сай түрленген.

Елзат Мұқаш, архитектор

- Біздің қалалар кітап не картина сияқты. Былай қарап тұрсаң кезінде салып кеткен суретшінің картинасы сияқты да ескі ғимараттар. Ал біз сауатсыз бірдеңелер салып соны құртатындаймыз. Ол ғимараттармен біздің тарихымыз дұрыс байланысты, ұтымды көрсету үшін дұрыс жобалар жасау керек.

 

Мұнда әр деталь ескерілген. Артық айтқанымыз емес, жоба авторлары «стандартқа сай кеңсе әзірлеп қана қоймай, әр қызметкерге шабыт сыйлайтын шығармашылық кеңістік дайындау мақсатымыз, - дейді.

Інжу Жұмаділова, компанияның HR директоры

- Мысалы жұмысқа кандидат келді. Оның назарына бірінші түсетін нарсе жұмыс орны. Яғни бұл бірінші әсер. Біз бірінші әсерді қайталай алмаймыз. Сондықтан бұл маңызды. Жұмыс орынына қарап жұмыс берушінің қызметкерлерге қаншалықты көңіл бөлетінін, мәдениетін түсінеміз.

 

Ғимарат қаланың қақ ортасында орналасқан. Көлік тұрағын іздеп бас қатырмайсыз. Фитнес орталық пен мейрамхана қайда деп сабылмайсыз. Мұндай мүмкіндіктер кез-келген жалға алушы азамат үшін тиімді екені сөзсіз.

Шерхан Пірназар, актер, кеңсені жалға алушы

- Алматы қаласы соңғы уақытта кептеліс қатты боп кетті ғой, сондықтан қаланың шет жағы болса оқушыларға да, педагогтерге де тиімсіз, Орталық болған соң барлығына жақын деп осыны алдық. Метро жақын, аялдама бар, такси шақырсаңыз да қаланың орталығынан баратын жерге бағасы аз шығады деп ойлаймын. Сондықтан қаланың ортасы бізге тиімді.

 

Республика Бизнес орталығы 2026 жылдан бастап жалға берілмек. Заманауи іскерлік қажеттіктер толығымен ескерілген кеңсе іздесеңіз, асығыңыз