«Где моё кольцо». Естеріңізде болса, Айқын Төлепберген 2019 жылы тырнақалды туындысын таспалап, өзін кинопродюсер ретінде сынап көрген еді. Алайда, қиындықтар мен карантин талаптары салдарынан фильм тек 2021 жылы үлкен экранға жол тартты. Енді әнші сол мансабын қайта қолға алып, көрерменін жаңа туындысына шақырмақ ниетті.
Айқын Төлепберген, әнші
– Әрине бар, ол бірақ сценарий жазу керек. Оған сценаристтің қасында отыру керек, ол уақытты талап етеді. Мен негізі ойда бар
Өнер иесінің айтуынша, қазір шығармашылық жұмыстың көптігі мен уақыттың тығыздығы киноға толық көңіл бөлуге мүмкіндік бермей жүр-дейді. Айтпақшы, шоу-бизнестегі жұп бір фильмге емес, жеке-жеке жобаларға басымдық беруді жөн көрген сияқты. Ән таңдауда бір-бірімен ортақ шешімге келсе де, лента таспалауда ойлары екіге бөлінген екен.
Айқын Төлепберген: әнші
– Жұлдыз айтқандай бір кино емес, мен өзімнің әндерімді қосып, шығармаларымның шығу тарихы сияқты, мюзикл сияқты түсіргім келеді.
Жұлдыз Өмірғали: әнші, актриса
– Қай жанрда болады фильм?
– Тоже мюзикл, комедия сондай. Ремейк десем де болады. Ремейк түрінде ойластырып жатырмын, бірақ әзірге ол сол фильмге жауапты адамдармен сөйлескен жоқпын ремейк түсіруге рұқсат сұрап. Енді келісуге болады.
Айқын Төлепберген көптен бері ойында жүрген жобаны 1-2 жыл ішінде іске асырып, халыққа ұнайтын тың дүниені ұсынуға ниетті. Енді өнер алаңында бірге жүрген екеу енді кино әлемінде бәсекеге түсіп, касса жағынан өзара жарысқа түспек.
Айқын Төлепберген: әнші
– Себебі, өте қызық жолды өттім мен. Автокөлік жуудан бастап, сахнаға дейін үлкен жол өттім. Құрылыста да істедім. Оның бәрін қызықты етіп көрсетуге болады. Міндетті түрде мен емес, мүмкін басқа бір адам ойнаса да менің әндерім арқылы.
Ал Жұлдыз «декреттік демалыстан бірден шығамын, 1-2 жыл күтпеймін!» - дейді. Тіпті жобаны жүзеге асыруға дайын команда да бар екенін жасырмады.
Жұлдыз Өмірғали:әнші, актриса
– Ол идеяны жалпы жүзеге асыруға бар адамдар, көмектесем деген. Күнделікті ертең деп отырқ. Бірақ та биылғы жылдан қалдырмай сценарийімді бітіруге тырысамын.
Бүгінгі көрермен талғампаз. Жай ғана комедиямен күлдіріп, сендіру оңай емес. Сондықтан Айқын мырза мен Жұлдыз ханымның бастамаларына сәттілік тілейміз.