Сүйінші! Әнші Жазира Байырбекованың тұңғышын үйлендіріп, келін түсіретін күні де таяды. Күні кеше той алдындағы фотосессиясына шақырған жас-жұбайлар, бізге алғашқы таныстығы жайлы баяндап берді. Ең алғаш күйеу жігіт болашақ қалыңдығының суретін инстаграм парақшасынан байқап қалған екен. Содан соң серіміз ұзақ ойланбастан, қыздың әпкесіне қолқа салған.
Қазбек Қожахметов, Ж. Байырбекованың ұлы:
– Сұрадым, «сіңіліннің жігіті бар ма жоқ па? Жоқ болса мен өзім алайын, үйленейін» - деп. Содан бір рұқсат сұрадым. Әке-шешесінен рұқсат сұрадым. Сөйтіп бір кездескеннен шештік үйленеміз деп.
Қадамын үлкендердің батасынан бастаған Қазбек, ұнатқан аруына қол жеткізу үшін, біраз әбігерге түскен-ді. Оған себеп, қалыңдық Асылы сол сәтте Абу-Дабиде білім алып жатқан.
Қазбек Қожахметов, Ж. Байырбекованың ұлы:
– Асылы шет елде оқиды, иә. Сонымен танысу үшін шетелге бару керек болды. Сөйтіп сол жақтан танысып, сөйлесіп кеттік. Бірден шештік ғой.
Таныстықтары бірден махаббатқа ұласқан жастардың, үлкен өмірге аяқ басуға шешім қабылдағандарына бүгінде 11 ай толып отыр. Айта кетейік, Қазбек Асылыдан 9 жасқа үлкен. Алайда « жас мәселесі біздің қарым-қатынасымызға ешқандай кедергісін келтіре қоймады», дейді күйеу жігіт.
Қазбек Қожахметов, Ж. Байырбекованың ұлы:
– Асылы интеллектуалды бойынша да, былай да көзқарасы өте үлкен адамның несі сияқты. Үлкен-кіші айырмашылығы жоқ. Бәрімен бірдей сөйлесе алады.
Үйленуге нық шешім қабылдаған Қазбек, сүйіктісіне шетелде ұсыныс жасап, жүрегі мен жүзігін ұсынған.
Қазбек Қожахметов, Ж. Байырбекованың ұлы:
– Біз Шри Ланка елінде болдық. Содан Мальдивке, Дубайға ұштық. Мальдив ыңғайлы келеді. Локация, барлығы әдемі. Сол жақта ұсыныс жасаған дұрыс деп ойладым.
Қазбек ұсыныс жасағаннан кейін, әкесі мен анасына қуанышты жаңалықты жеткізген-ді. Тұңғышының болашақ жарын көрген Жанболат пен Жазираның қуанғаннан, тіпті келіндеріне ән арнап, бейнебаян түсіріп те үлгерген.
Асылы Төленді, Ж. Байырбекованың келіні:
– Иә, өте жанағы жақын қабылдап мені өте жылы қарсы алды. Оңай үйренісіп жатырмыз бір-бірімізге.
Шетелде сәулет өнері мамандығын меңгеріп жүрген Асылыға, той алдында маңызды шешім қабылдауға тура келген. Оған себеп, болашақ күйеуінің талабы.
Қазбек Қожахметов, Ж. Байырбекованың ұлы:
– Біз былай келістік. Оқуды осы Қазақстанда елімізде жалғастыратын болды. Сол отбасымызбен бірге тұрамыз. Ешқандай бөлек шығу, шетелге кету деген ойда жоқ.
Қазбек пен Асылы тойдың дайындығын ата-анасы мен ұйымдастырушыларға сеніп тапсырған. Қыз ұзату 23-наурызға, ал уэддинг дэй болса 26- күніне бекітілген. Ендеше, екі жас бақытты болсын дейміз! Шынымен де ғашықтардың бір-біріне деген көзқарасы, жұрт сүйсінетіндей-ақ.
Қазбек Қожахметов, Ж. Байырбекованың ұлы:
– Маған Асылының. Мені көп күлдіртеді, әзілдері. Маған өте қатты ұнайды.
Асылы, Ж. Байырбекованың келіні:
– Маған Қазыбектің сабырлығы ұнайды. Өте сабырлы, қамқор.