Гүлнұр Мамасарипова фильмінде басты рөлді сомдаған Еркебұлан Тоқтардың сахналарын неге қиып тастаған?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тимур мен Бекеннің арасындағы талай жылға созылған достықтың сынға түсер сәті келді. Иә, бұл - Гүлнұр Мамасарипованың су жаңа толықметрі. Алайда, кинопродюсердің фильмі жарыққа шықпай жатып, қоғам талқысына түсіп үлгерді. Жұрттың арасында түрлі салыстыру мен болжамдар да айтылуда.

Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:

Мынандай киноға ұқсайды деп айтып жатыр, көріп жатырмын. Ұқсата береді ғой. Бізді қашан да плагиат деп айыптайды. Ұқсатып жатады. Бұл жерде ешқандай плагиат жоқ. Мені бір қынжылтатыны кино әлі шыққан жоқ. Бір 45 секундтық трейлерден-ақ біздікілер сені жерден алып, жерге сала береді да.

 

Басты рөлдегі Еркебұлан Тоқтар мен Жасұлан Әйтенге сценарий арнайы тапсырыспен жазылған. Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын Еркебұлан Мамасариповаға киноңызға түсейін деп өзі жазған. Қызығы, сол кезде жауап бермеген кинопродюсер, қазір уақыты түгіл өзі де қымбат Еркебұланды, жобасына жалынып шақырған-ды.

Гүлнұр ханым айтып қалды, осы фильмге ең қымбат, уақыты тығыз актерларды жинадық деп. Демек ең қымбат актер сіз болдыңыз ғой?

Еркебұлан Тоқтар, актер:

Жоқ Жасөк бар, біраз актерлар бар ғой. Ариан бар. Енді ол қымбат емес шығар қатты. Ойнап айтамын.

Сізді режиссерлер, продюсер әбден қинаған сияқты. Біраз салмақ тастаған екенсіз?

Жасұлан Әйтен, актер:

Иә, басында салмағым примерно үлкен болды енді. Дархан Саркенов сол салмақ тастау керек деді. Сақал мұртқа тиспе, шашқа тиспе деді. Алтыдан кейін тамақ ішпе деді. Диетаға отырып шамамен10-12 кг тастадым.

Режиссер талап қойған екен әр актерға, сізге қандай талап қойды?

Ариан Худаштиан, актриса:

Бетімді арықтатсын деген, бірақ иә, бетім арықтай алмай қалды. Білмеймін, енді просто, иә, мына жерімід арықтатсын деген маған. Бірақ, ол түсірілімге 3-4 күн қалғанда айтылған. Сол үшін кішкене уақыт болмай қалды.

Бюджетін біле аламыз ба, фильмнің?

Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:

Бюджеті аз емес, бүгін өздеріңіз көрген кезде оны байқайсыздар. Техникалық жағынан қымбат болды. Содан кейін локациялық тұрғыдан. Менің бұрынғы түсіріп жүрген киноларымнан 50 пайызға қымбаттау болды.

Бұл сіз түскен фильмдерден ерекше болмақ, Социфобтың рөлін сомдайсыз?

Жасұлан Әйтен, актер:

Басына соққа алған, аурушаң жігіттің рөлі. Осы фильмнен кейін, сол күйден шыға алмай қалдым. Үйдегілер де түсінбей. Енді-енді өзімді жіберіп, көңілді болып жақсы болып қалдым. Бірақ, өткенде қатты кәдімгідей үйдегілер қорықты. Сол рөл таңдағанда да шамалы қарау керек екен.

 

Лентада тек достық қана емес, махаббат тақырыбы да қозғалады. Кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас уақыт өте күрделеніп, әрқайсысы өз таңдауын жасайды.

Ариан Худаштиан, актриса:

Мына жерде мен 2 жігіттің арасындамын. Былай оңай айтқанда. Негізі, Еркебұланның қызымын. Бірақ, маған Жасулан ғашық болады.

Еркебұланды таңдайды ма, Жасұланды таңдайды ма?

Ешкімді таңдамайды деп па. Еркебұланды таңдаса да, тағдыр ондай шешіммен келіспейді.

Енді, химия болды ма сіздерде? Еркебұлан екеуіңіздің арасында?

Шынымды айтсам, міңезіміз келмей қалған сияқты бір-бірімізбен. Біз көп спорластық. Бірақ, дос ретінде.

 

Еске сала кетейік, Еркебұлан Тоқтар мен жас актрисаның сүйісу сахнасы, желіде біраз жыр болға еді. Өзіне сенімді Еркебұлан жас актрисаны көндіре алмады ма, әлде сындыра алмады ма? Әйтеуір, осы эпизод шығармашылық топпен келісіліп, лентадан алынып тасталған.

Еркебұлан Тоқтар, актер:

Бізден сұрады сүйісесіңдерма деп, керек жоқ болса дедік. Сценарийге қатты керек жоқ болса, керек жоқ деп едік. Сосын алып тастады. Ондай қатты талқылайтын нәрсе емес, арамызда болған әңгіме ғой.

Қайрат Әділгерей, актер:

Фильм өте күшті, жақсы әсерде шығып келе жатырмыз. Екі достың, шынайы достық бар екенін көрсетеді. Дос үшін өзінен қымбат нәрсені қиюға болады деген сияқты. Жақсы демалып келе жатырмын.

Роза Әшірбаева, психолог-коуч:

Бұл жолы, басқаша ер-азаматардың образын көрсере алды деп ойлаймын жалпы. Сосын, Еркебұлан Тоқтар мен оны драма актері деп ойламаппын. Ойбай, кәдімгі Брэд Питт жолда қалып қалды ғой.

 

 

Автор: А. Сауытбек