Жасы келсе де, үйленуге асықпайтын серілер шоу-бизнесте де аз емес. Басында бағы, танымалдығы тағы бар блогер NNN, стендапер Аңсаған және Бекболат Болманов, әлі күнге дейін бойдақ. Көпшілік миллиондаған қыздардың жүрегін жаулаған жігіттердің жалғыздығын, тым талғампаздыққа балап жүрген еді. Алайда, өздерінен сұрасақ, қазіргі тілмен айтқанда, нағыз «Гринн флаг» жігіттердей жауап берді.
NNN, блогер:
– Мен ондай бір нақты айта алмаймын. Өйткені, бір өзім де идеал емеспін. Бірақ, бұйырған мен сүйетін, мен түсінетін, сыйлайтын жан болса, дәл сондай қорғап, өз жауапкершілігіме алуға дайынмын.
Аңсаған Садырхан , стендапер:
– Ешқандай талабым жоқ, тек қасымда еркелеп, әдемі болып жүрсе болды, қалғанын бәрін өзім жасап беремін.
Бекболат Болманов, Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы:
– Қалай бар солай қабылдаймын, ең бастысы ұнаса болды деген ойдамын.
Үш жыл бұрын дәл осы «Қашан үйленесің?» деген сұрақтан, Нұрдәулет ат тонын ала қашатын еді. Соңғы кезде жақындарым ғана емес, оқырмандарым да «Бір тойдың боларын, асыға күтіп жүр»,-дейді желі жұлдызы.
NNN, блогер:
– Күнде уже айтып айтып қойды. Жаспыз ғой әлі, жүру керек, көру керек. Мен қазір дайынмын деп ойлаймын, осыдан 1-2 жыл бұрын дайын емес едім мүмкін...
Сүйгенім бар екенін білсе, оқырмандарым азайып кетеді деп қорқады ма, кім білсін? Тіпті, болашақ жарын әлі жолықтырмаса да, дүркіретіп той жасауға дайын екенін жеткізді.
NNN, блогер:
– Той бұйырса болады десең, білмеймін. Той бұйырса көреміз. Егер сүйген жан лайықты бұйырып жатса өзіме, әрине бақытты қылуға дайын болып жатса, мен дайынмын. Енді бақытты болатын адам болса мен дайынмын.
Нұрдәулет флекс жасап үлгерсе, сахнада қыздарды күлкіге қарық қылатын Аңсағанның «махаббат локаторы» әзірге жұмыс істемей тұрғандай. Отызға таяғаны есіне жиі түсе бастаған ба, енді ол «өзімді емес, жүрегімді күлдіретін жанды іздеймін»,- дейді.
Аңсаған, стендапер:
– Жүрегіңізді жаулаған нәзік жанды бар ма?
– Өкінішке орай жоқ. Және мен де жаулайын деп жүргенде қыз жоқ. Дым жоқ, махаббат жоқ бұл өмірде десең...
– Өнер адамы болса да бәрібір сізге иә.
– Өнер адамы, өнерден миллион есе алыс болса да, әйтеуір қылықты күщті еркелейтін қыз болса болды, қалған еркелігін қылығын бәрін өзім көтеремін.
Ал Қыдырәлі мен Қарақатқа тұңғыш немере сүйгізуді Бекболаттың өзі ғана емес, бүкіл ел күтіп жүргендей. Ол виртуалды кеңістікте белсенді болмаса да, есімі қыздар арасында жиі аталады. Соған қарамастан әлі сұрбойдақтар тізімінен шыға алмай жүр.
– Үйдің үлкенісіз, барлығы қойып сізді жалықтырып жүрген сұрақты, менде қазір қойғым келіп тұр? Той қашан?
Бекболат Болманов, Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы:
– Енді айта алмаймын, құдай қаласа өзімде осы жылы негізі бұл сұрақты тәмамдағым келеді.
– Үйдегілер асықтырып жатыр ма?
– Іні қарындастарым, онымен басын ауыртпайды. Бірақ, енді әке-шешем оның достары, туысқандар, олар көрген сайын сұрайды, әрдайым. Сол шамалы мені шаршатады, бір жағынан дұрыс.
– Демек биыл той болып қалуы мүмкін өзіңіздің таңдаған адамыңыз бар?
– Енді болып қалуы мүмкін деп айтпай-ақ қояйын. Құдай қаласа енді барынша жұмыс істеп жатырмыз
– Жүрегіңіз бос емес демек иә.
– Құпия құпия болып қалу керек қой негізізі. Бірақ, енді көресіздер ештеңе айтқым келмейді. Енді құдай қаласа бос болсын бос болмасын өзім де соны қатты қалап жүрмін. Білмеймін неге, құдай қаласа бұйырғаны болады.
Бекболат осы жылы ел аузынан түспейтін той жасағысы келетінін аңғартты. Кім біледі, бәлкім биыл Болмановтар әулетіндегі дүбірлі тойдың куәсі болып қалармыз. Лайым, серілердің бұйырған бағы баянды болып, бұл үрдістің жібін ННН мен Аңсаған жалғастырады деп ойлаймыз.
Автор: А. Сауытбек