Дүрия Қыдырбек, тілші:
– Екі жыл бұрын «Ұлпанды» жаңа форматта ұсынамын дегенде көрермен түгілі, актерлер де шошынған еді. Бірақ режиссер діттегенінен қайтпады. Есесіне жатырқағандардың көзі үйренген. Иә, көптің көңілінен шыққанын аңғару қиын емес. Десе де жұртты шошытқан нендей серпіліс? Тарқатайықшы...
Гүлжамал қазақбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса:
– Ғабаңның осы дүниесі қойылады дегенде қуандық. Кім қояды дегенде Вахтанов театрының режиссері – Гүлназ Баплпейісова дегенде қуана қарсы алдық та, бір жағынан қорқа-қорқа қарсы алдық. Өткені қалай болар екен еді...
Әсет Иманғали, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:
– Формасы сәл өзгерінкіреп қойылған соң іштей қарсы болғанымыз шын қалай қабылдар екен қалай болады екен деп..
Кез-келген шығарманы сахналау үшін оны отқа да, суға да салуға болады-ақ. Бірақ Мүсіреповтың Ұлпанын емес. Себебі ол классика. Көпшілік осылай деп дабыл қаққан-ды. Бұл қорқынышта да орынсыз емес еді. Өйткені, бір ғана сәтсіз шешім тек режиссердің емес, бүтін театрдың абыройына нұқсан келтіретіні хақ. Мұндай кейстер елді былай қойғанда, әлемдік театр тарихында жетерлік. Алайда Гүлназ Балпейісова қазақ әдебиетінің жауһарын сәтті трансфармациялай алды. Бұл субьективті пікірге құралған бағалау емес, 2 жыл көрермені үзілмей келе жатқандығына сүйене айтылған ақпар.
Гүлназ Балпейісова, режиссер:
– Мұндай шығармаларды «Өз биігінде ұсыну керек»,- деп бізді белгілі бір сызықтардан асырмайды. Бұл ұлттық дүние деп, оған бүгінгі көзқараспен қарауға рұқсат етпейді. Бірақ түсіну керек. Ұлпан да, көптеген классика да – уақытқа бағынбайтын, сағаттан тыс шығармалар. Сондықтан осы оқиға дәл қазір орын алса, ол қалай болар еді деп ойлау керек?
Бетперде киген, ролик тепкен кейіпкерлер, рок бағытындағы әуендер. Көпті тосырқатқан осы ма дерсің, бірақ Театр – синтездік өнер. Сондықтан Мұнда түрлі бағыттың тоғысуы орынды. Мәселе ұтымды пайдалана алуда. Ал бұл режиссердің қолынан келді дейді Г. Қазақбаева.
Гүлжамал Қазақбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса:
– Бұл спектакльдегі ерекше дүние қазақтың философиясы, сөзінің мәйегі мақалда жатыр ғой. Соны Гүлназ қазақтың мақалдарын лейтмотиві сияқты алған. Сонда әр сахнасының түйегі мақалға кеп тіреліп, болмысын ашады. Сонысымен ұтып тұр
Ұлпан - ел мүддесі жолында еңбек еткен қайсар жан. Ол қазақ әйелінің соры болған әмеңгерлікті жойды, қазақ даласына ағаш үй салдырып, монша тұрғызды. Өмірде нақты прототипі бар осынау ұлы бейнені сомдау мәртебесі – Толқын Нұрбекова мен Рабина Талғатқа бұйырған.
Толқын Нұрбекова, актриса:
– 2 айдай жұмыс істедік. Маусым жабылуына орай тұсаукесер ойнадық. Өте қызық жұмыс болды. Физикалық тұрғыда қиын болды. Сосын, таңнан кешке дейін, бастың қатты ауырып кеткені соншалық, тіпті ұйықтар алдында да ұзаққа дейін ұйықтай алмай жатасың..
Ұлпан романында 90-ға жуық образ бар. Сахнаға шыққан 12 актер бірнеше ролді сомдап, осынша кейіпкерге жан бітірді. Қарбалас форс-мажорсыз аяқталмаған көрінеді.
Рабина Талғат, актриса:
– Мына жақта 2 минутта 4 рет киім ауыстыратын уақытым болады да. Сорл кезде басымды жарып алғанк ез болған. Одан кейін 1 акт полностью ойнадым. Одан кейін сахнадан шыға сап құладым..
Ұлпанды оқыған кез-келген жан Есеней әулетінің анасына әдемі қарттық бұйырмағанына налиды. Күйеу баласының тезгісі жайлы айтылған сайын қолына қалам алып, кітап желісін өзгерткісі келетіні жасырын емес. Оқырманның осынау бір арманын режиссер орындадыма дерсің.
Гүлназ Балпейісова, режиссер:
– Бірақ, романда бәрі басқаша. дәл сол патриархалды қоғамда біз дегеннің маңызы көрсетілген сияқты. Сондықтан мен сахналық нұсқасында оқиғаны қажет жерін тоқтата алдым деп ойлаймын.
Қойылым ел тарихы ен қайсар қазақ қызының образы жайлы ғана емес, ер мен әйелдің ара-қатынасы, қолдаудың маңызын да ұғындырады.