Миллиардер продюсер Жалын Тілеубергеннің басы дауға қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Миллиардер продюсер Жалын Тілеуберген «Сыбыс» атты кезекті фильмінің түсіріліміне білек сыбана кірісті! Сүріне қалсаң әлеуметтік желіде лезде байкот жасап жіберетін қоғамға, жаңа картинаның тақырыбы таңсық емес-ті.

Жалын Тілеуберген, кинопродюсер:

Ауыздан ауызға сөз тараудың бір бізге жағымсыз бөлшегі, сыбыс, өсек туралы. Әр ауыздан шыққан сөзге жауап бере алуымыз керек. Және ол сөздің үлкен бір оқиғаға айналып кету мүмкін екендігін ескерткіміз келеді.

Алмат Сақатов, Нышанбек Жұбанаев, Әшім Ахметов. Аты аталған актерлер лентада басты рөлдерді сомдамақ.

Нышанбек Жұбанаев, актер:

Бірінші сценарий. Содан кейін сол сценарийдегі рөл. Содан кейін кім түсіріп жатыр. Режиссер. Содан кейін барып әрине гонорар. Ол да өте маңызды аспектілердің бірі. Осы төртеуі бір неге келіп ұштасқанда әдемі бір. Сол кезде мен келісім беремін.

Жалын Тілеуберген, кинопродюсер:

Көпшілікке ойыны ұқсамайтын, ерекше актерлар деп білеміз, бірақ режиссер көптеген актерлардың ішінен осы актерларды таңдады, және өз ісінің мамандары деп ойлаймыз.

 

Толықметрдің режиссері болу бақыты бұл жолы тәжірибелі маманға емес, дебютантқа бұйырған.

Жалын Тілеуберген, кинопродюсер:

Осыған дейінгі біздің 2 фильмнің жалпы жақсы шығуының бірден-бір себебі, сценарий авторы мен режиссер бір адам болатын бұл жолы да дәл солай бірақ бұл жолы Телжан Нұрмахан олда өзі сценарийін жазып , өзі түсіріп жатыр.

 

Бірақатар кинопродюсерлер фильм таспалау үшін, шығындалып шетел асса, Жалын мырза картинаны өзіміздің Балқаш маңында түсіруді жөн санаған.

Жалын Тілеуберген, кинопродюсер:

Негізінен Алматыдан алыстаған сайын, продюссерлік орталықтарға тиімсіз, бірақ дегенмен де ауылдың иісі сақталған, сол баяғы біздің бала кезіміздегі ауылдың бейнесінде сақталған ауыл екен, сондықтанда келдік.

Нышанбек Жұбанаев, актер:

Бұл жерге менің бірінші рет келуім. Өте керемет. Бәрі де күшті. Бізде Құйғанда болды, Балатопар және де Топар. Осы 3 жерде түсірілім болды.– Біз қалада тұрғаннан кейін, жалпы осындай ауылдық түсірілімдер болған кезде қуана-қуана келісеміз.

 

Екі мәрте фильм таспалап, кассалық жиынның төрін бермеген Тілеуберген-тегінің, бұл жолғы мақсаты қаражат табу емес, әлемдік кинонарыққа ену екен. Айта кетейік, «Сыбыс» туындысы бірінші халықаралық фестивальдерге жолданып, 2027 жылы ғана отандық прокатқа шығады.

 

Жалын Тілеуберген, кинопродюсер:

Бұл фильм кассалық фильм деп атауға келе ме, білмейміз әзірге. Бірақ, бұл фильмді міндетті түрде біз фестивальдерге жібереміз және де көрермен назарына ұсынамыз.

Нышанбек Жұбанаев, актер:

Жалпы ойлаймын, бұл жердегі драматургия, кейіпкерлер және де ситуация бүкіл адамзатқа түсінікті болады деп ойлаймын. Сондықтан да бұл жоба тағы да басқа мемлекеттерге шықса да болады деп ойлаймын.

 

Автор: Ш. Құсаинова