Миранда Пристлидің сұсты келбеті мен темірдей дауысы есіңізде ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Темірдей тәртіп, сұсты бейне»! Әдетте, мұндай қаталдық көпке ұнай бермейді. Бірақ, Миранда Пристли, бұл қағиданы бұзғандардың бірі. Осы танымал образдың біздің санамызда сақталып қалуына Эвелина Хромченконың дауысы тікелей себепкер.

Эвелина Хромченко, сән эксперті:

20 жылда не өзгерді дейсіз бе? Кей адамдар мүлде өзгермеген. Мысалы, Миранда Пристли әлі де өз орнында. Тек кәсіби деңгейін одан әрі шыңдап, жаңа заманның талаптарына бейімделе түскен.

2006 жылы Миранданы дыбыстағанда Эвелина небәрі 35 жаста болған. Қызығы, ол кезде ару кәсіби дубляж актрисасы емес, сән сарапшысы.

Эвелина Хромченко, сән эксперті:

Соңғы 20 жылда мен өз қолыммен үш мультимедиялық платформадан тұратын миллиондаған аудитория жинадым. Бүгінде мені барлық әлеуметтік желіден табуға болады. Осы тұста Миранда мені көрсе мақтап жіберер еді.

Кезінде 35 миллион долларға түсірілген алғашқы бөлім 326 миллион доллар табыс әкеліп, сенсация жасаған еді. Содан болар, Хромченко араға 20 жыл салып, Миранданы қайта дыбыстаймын деп мүлдем ойламапты.

Эвелина Хромченко, сән эксперті:

Ол туралы жеке көзқарасымды айтатын болсам, Миранда бұрынғыдан жұмсақтау. Басында онысы маған қызық көрінді. Айтпақшы, жанында оны қолдайтын ер азамат пайда болған және Мирандамен бәсекелеспейді екен.

Өзінің танымалдылығын арттырған Миранданың кейбір әрекеттеріне, Эвелина әлі күнге дейін сыни көзбен қарайтын көрінеді.

Эвелина Хромченко, сән эксперті:

Миранданың жай фото түсірілімге 300 мың доллар жұмсайтыны есіме түсіп кетті. Мен оған сол қаражатқа бір жылдық журналды түгел шығарып беруге болатынын үйретер едім. Барлық қосымшасымен, жобаларымен, Париж, Милан, Нью-Йорктегі фототүсірілімдерімен қоса.

Шығыны шаш етек болса да, Миранда шашқан ақшасын әрдайым еселеп қайтара біледі! Оған дәлел, Культке айналған туындының көптен күткен екінші бөлімі. «The Devil Wears Prada 2» әлемдік прокатта 660 миллион доллардан астам табыспен кассалық рекорд орнатты.

Эвелина Хромченко, сән эксперті:

Картинаны 3 сөзбен сипатта десе: СӘН, САПА ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК.

Автор: А. Сауытбек