Revue News-ке 20 жыл! Брендке айналған бағдарлама осы аралықта шоу-биз әлеміндегі ең айтулы жаңалықтарды бірінші болып хабарлады. Көрерменге эксклюзивті сұхбаттар ұсынып, танымалдардың тылсым әлемімен таныстырды.
Серік Ибрагимов, әнші, кинопродюсер:
– Revue News-ты қосқан сайын, әркімнің әртүрлі саладағы жетістігін көп айтады. Соған қарап мотивация алатын едік.
Шерхан Пірназар, актер, кинопродюсер:
– НТК арнасы менің ең сүйікті арналарымның бірі. Өйткені, бізді бірінші болып сұхбатқа шақыратын, қолдайтын НТК арнасының ұжымына алғысымды білдіргім келеді.
Біз де сізге шексіз рақмет айтамыз. Кинопродюсерлікті қолға алғанда алғаш болып бізге хабарласып, эксклюзивті жаңалықпен бөліскеніңізге алғыс! Айтпақшы, камбэк жариялаған әртістер де көрерменге жағымды жаңалығын біз арқылы жеткізген еді.
Ziruza, музыкант:
– Менде творчествалық ізденіс болды, біріншілден, екіншіден демалғым келді. Қазір үлкен ауқымды камбэкпен келейін деп тұрмын бұйырса.
Камбэк жариялағандардың бірі Айдана Меденова, 3 жыл бұрын Музыканы нашидке, микрофонды орамалға алмастыратынын айтып елді елең еткізген талант жақында сахнаға қайта оралатынын мәлімдеген еді. Әрине, Ревю ньюс көптің көкейіндеші сауалды жолдап, эксклюзивті сұхбат жариялады.
Айдана Меденова, әнші:
– 3 жыл арасында ешқандай әртістерді тыңдаған жоқпын, жалпы музыкаға жақын болған жоқпын. Демалыс болды сондай.
Камшат Жолдыбаева да біздің назардан тыс қалмады.
Кәмшат Жолдыбаева, әнші, актриса:
– Шыны керек, негізінде бәрінде дұрыс емес түсінік бар да . Күйеуі қатал және күйеуі шығармай жүр деп. Күйеуім, керісінше мені шығарып: «бірдеңе істеші, шықшы , ән жаздыршы!» - деп қолдайды.
Биылғы маусымның ең басты жаңалығы – Кеш Ю-дің 20 жылдық мерейтойы. Топтың тарихынан сыр шертетін деректі фильм БАҚ беттерін жаулады десек артық айтқанымыз емес. Ал Баян Мақсатқызы шоу жайлы да, арнайы жобасы болатынын да алғаш болып бізбен бөліскен еді.
Баян Мақсатқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, продюсер:
– Бар шындықты айтатын уақыт келді деп ойлаймын. Жақын күндері көрерменге деректі фильм ұсынбақпыз. Бұл оқиғалар резонанс тудырары сөзсіз. Себебі, мен қыздарға ештеңені жасырмай айтуды өтіндім. Өзім де бүкпесіз баяндамақпын.
ИК биыл альбомын жарыққа шығарып, Музартпен коллаб жасады. Осынау айтулы жаңалықты жеткізіп, Кайратовнаның жанкүйерлерін де қуантқан ек.
Алдияр Жаппарханов, ИК тобының солисі:
– Жаңа альбом шығайын деп жатыр. Ән 90 пайызға дайын тұр. Біз өстік біздің мәтіндеріміз өзгереді. Бірақ сол баяғы ИК-ғой.
Жанар Дұғалова да өткен апта экслюзив жаңалығымен бөлісті. Музыкант жақында соло кешін өткізбек.
Жанар Дұғалова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, музыкант:
– Көптеген көрермендер сұрайды. Күнде хаттар келіп жатыр. Ұйымдастырушылардың көбісінен ұсыныстар та келіп жатыр. Сондықтан да, иә Құдай қаласа күтіңіздер!
Қысқасы, медиакеңістіктегі ешбір жаңалық біздің камерадан тыс қалған емес. Revue News – шоу -бизнестегі басты жаңалықтар жеткізеді.
Автор: Д. Қыдырбек