Алматыда AR Cup 2026 халықаралық балалар футбол турнирі өтеді
«Арманда! Дос бол! Ойна!» – дәл осы ұранмен 24-26 тамыз аралығында Алматыда халықаралық балалар футбол турнирі AR Cup 2026 өтеді.
Турнирге Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайдан келген 2015–2016 жылы туған 180 жас футболшы қатысады.
Үш күнге созылатын ойында ондаған матч өтіп, халықаралық командалар жасыл алаңға шықпақ. Жас спортшылар үшін бұл – футбол алаңында өздерін сынап, шетелден келген құрдастарымен танысып, жаңа тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндік.
AR Cup – баланың футболға деген қызығушылығын үлкен спортқа бастайтын алғашқы қадам. Бұл – жас футболшылардың өз қабілетін көрсетіп, үлкен футболға жол ашатын алаңы.
Турнирдің басты ерекшелігінің бірі: бір алаңда әртүрлі елдерден келген, футболға деген ортақ сүйіспеншілік біріктірген жас спортшылар бас қосады. Жаңа таныстықтар, ойыннан алған эмоциялар мен командаластардың қолдауы AR Cup үшін матч нәтижесімен қатар маңызды.
Үлкен футбол кіші стадиондардан басталады. Ол аулада, жаттығуда, алғашқы голын тойлаудан және бір күні мыңдаған жанкүйердің алдында алаңға шығу арманынан бастау алады.
AR Cup балаларға осы арманға бір қадам жақындауға мүмкіндік беретін орта қалыптастырады. Бұл – ойын, команда, бәсекелестік және өз күшіңе деген сенім арқылы алға ұмтылуға мүмкіндік беретін ерекше алаң.
Қатысушыларды футбол додаларымен қатар, ұйымдастырушылар дайындаған сыйлықтар, тосынсыйлар мен жарқын сәттер күтеді. Ал турнирдің шарықтау шегі – жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі және басты жүлде – AR Cup 2026 кубогын табыстау.
24-26 тамыз 2026 жыл | Алматы, «Arena Pool», Ақан Сері көшесі, 156
Кіру тегін.