Алматыда халықаралық балалар футбол турнирі — AR Cup 2026 өтеді.

Сообщить о проблеме с эфиром

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Алматыда халықаралық балалар футбол турнирі — AR Cup 2026 өтеді.

2026 жылы НТК телеарнасы өзінің маңызды әлеуметтік жобаларының бірі — AR Cup халықаралық балалар футбол турнирін жалғастырады. 2021 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл дода Қазақстан мен шетелдік жас спортшылардың басын қосып келеді.


НТК телеарнасының коммерциялық емес әлеуметтік жобасы AR Cup — балалар спортын қолдауға, талантты жастардың дамуына және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

AR Cup турниріне 10–11 жас аралығындағы жас футболшылар қатысады. Бұл дода олар үшін тек футбол алаңында өз мүмкіндіктерін көрсету ғана емес, сонымен қатар халықаралық жарысқа алғаш рет қатысып, өзге елдерден келген құрдастарымен танысуға және үлкен спорттық шараның ерекше атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді.

Осы уақыт ішінде AR Cup қарапайым футбол жарысы ғана емес, балалар спортының болашағына бейжай қарамайтын жас спортшыларды, жаттықтырушыларды, ата-аналарды және жанкүйерлерді тоғыстыратын маңызды алаңға айналып үлгерді.

Мұнда маңыздысы тек жеңіс пен нәтиже ғана емес, сондай-ақ спорттық мінез, командалық рух, жаңа достықтың қалыптасуы және балалардың өз күшіне сенуі де бірінші орында.

Биылғы турнирге Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қытайдан келген 2015–2016 жылдары туған 180 жас футболшы қатысады.

Командалардың турнирге қатысуы және көрермендердің матчтарға кіруі — тегін.

AR Cup 2026: Үлкен футбол баланың арманынан басталады!

Ресми ақпарат:
Өтетін күні: 2026 жылғы 24–26 тамыз
Өтетін орны: Алматы қаласы, «Arena Pool», Ақан Сері көшесі, 156