Рамазан Амантай кезекті толықметрінің түсіріліміне кірісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Рамазан Амантай, кинопродюсер:

Бірінен кейін бірі фильм түсіріп жатырсыз. Жақсы қаржы әкеліп жатыр ма? Әлде идея көп пе?

Екеуі де бар деп ойлаймын енді. Кішігірім бір дәуір деп ойлаймын, мүмкіндік деп..

«Қолымнан ұста», қолдарыңыз жабысып қалады. Өте қызық идея. Авторы кім?

Қатты спойлер жасамай-ақ қояйық, қолымыз жабысып қалады...

Бақытгүл ханымға хабарластық. Біз негізі басқа фильм түсіріп жатқанбыз осының алдында... Бірақ бәріне белгілі себептермен жүзеге аспады.
Абдырап қалдық, команда дайын тұр. Сомен Бақытгүл ханымға әшейін хабарласқанмын ғой идея сұрап. Негізі идея бар менде деп айта салды. Содан туындаған идея...

 

Мелодрама жанрындағы фильм желісі Рамазан мен актриса Бақытгүл Серікбаева кейіпкерлерінің қарым-қатынасын суреттейді. Ғажап жағдайға тап болған қос ғашық бір-бірін түсінбей біраз дал болады-мыс.

 

Бақытгүл Серікбаева, актриса:

Коннект қалай болып жатыр?

Осыған дейін екі жобада жұмыс істегеннен кейін оңай болып жатыр. Бір-бірімізді жақсы танып алдық, жақсы әзілдесіп деген сияқты.

 

Ал жастардың ата-анасының рөліне театр және кино әлеміне еңбегі сіңген Данагүл Темірсұлтанова, Әділжан Шомбалов, Жан Байжанбаев пен тележүргізуші Асель Акбар сынды кіл мықтылар таңдалған.

 

Әділжан Шомбалов, актер:

Арнайы гримвагенде дайындалып жатырсыз ғой. Мұның бәрі райдеріңізде көрсетіле ме? Бұл талап па? Әлде жағдайға қарай икемделесіз бе?

Негізі актерға түсірілім алаңында барлық жағдай жасалуы керек. Бірақ бір іс істеп жатқан соң кейде анау-мынау кемшілік болып қалады, ондайда көз жұмып қарай салып, жату керек болса жата саламыз ғой. Өйткені актер деген мамандықты өзіміз таңдадық қой.

 

Дүрия Қыдырбек @duriiya_kydyrbek:

Кезекті сахнаның басталуына санаулы минут қалды. Менің артымда ғұмырын өнерге арнаған ескі мектеп өкілдері қызу дайындалып жатыр. Әр сөзді, әр детальды талқылап жатқанына біршама уақыт болды. Тәнтіміз. Дайындықты өздеріңіз көрсеңіздер де болады.

 

Әділжан Шомбалов, актер:

Жабылмаған гешьтальт бар ма? Осы рөлді сомдап үлгерсем дейтін арман-мақсатыңыз?

Арманымдағы рөл бар. Ішімде. Қазір продюсер, режиссерлерге айтып жүрмін. Оралхан Бөкейдің атау-кересін таспаласа деймін, Ерікті ойнағым келеді. Себебі оның өз шындығы бар. Ой, кино қып түсірсе ойнар ем Мұхтар Мағауин, Асқар Алтай, Оралхан Бөкей шығармаларын.

 

Әр жобаға тыңғылықты дайындалатын білікті мамандардың жастарға қояр өз талабы бар. Тіпті түсірілім арасында телефон ұстауға қатаң тиым салады екен.

Данагүл Темірсұлтанова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса:

Рамазанды бұрыннан білесіз. Бұл жолы сізді кинопродюсер ретінде шақырды. Қандай әсердесіз.

Рамазан оқушы, кішкентай бала болатын, 5,6-сыныптың баласы болатын. Фамилиясын, тегін сұрамаппын. Осы жолы Рамазан Амантай деп сүйтті.. Ол кім Амантай Рамазан дейді. Ана айналайында түскен өзіміздің иә дейді. Күліп жатырмын. Кешегі бала жүгіріп жүрген кішкентай балаларды ойнап, көзіміздің алдындаөсіп-өніп жатса құбақұп құтықтап қолпаштап көмектесуге дайынмын.

 

Толықметрдің түсірілімі 15 күнге жоспарланған екен. Аз уақытта таспалануы - продюсер қалтасына ыңғайлы екені айтпаса да түсінікті. Ал шығармашылық ұжым үшін қаншалықты тиімді?

Дархан Сәркенов, режиссер:

Бүгін 8-күн түсірілімнің. масштабный проект болмаған соң тез жүріп жатыр. Бір шетінен профессиональный актерларды алдық. Жақсы дайындалу керек. Біз бұған 3 айдай оқталып жүрдік. Нақты дайындық мафиядан соң басталып кетті.

 

Қолымнан ұста жобасы үлкен экранға 2025 жылдың күзінде жол тартпақ. Түрлі жағдайға тап болған жастардың оқиғасы қалай өрбитінін бірге білейік.