2024 жылдың соңында үлкен экранға жол тартқан «Шекер. Последний шанс» толықметрі жас актриса Шұғыла Ешенованың бағын жаққан еді. Бүгінде бойжеткен ару сұранысқа ие актрисалардың бірі десек артық болмас. Кино жұлдыз тағы бір кезекті жобаның түсіріліміне білек сыбана кірісті.
– Образыңыз ерекше. Көріп тұрмыз. Кейіпкеріңіз жайлы айтып беріңізші?
Шұғыла Ешенова, актриса:
– Кейіпкерім шетелде оқитын бұзық қыз. Өзі батыл, өзі қайсар сондай ерекше қыз. Шетелде оқып, өте ақылды, өзінің әкесімен сәл қиындау қарым-қатынастағы кішкентай кезінен сондай өскен қыз тәрбие алған.
Бұл жолы жас актрисаның ерекше фильмге түсудегі мақсаты - өзін басқаша ампулада көрсету. Өнерпаздың айтуынша, оның кейіпкерінің жасанды шашы мен эпатажды образы дәл осы жобаға келісуіне бірден бір себеп.
– Сценарий, режиссермен қызық болды жұмыс істеу, сосын қызғылт шаш, ерекше бір дүние.
– Қандай критерийларға сай таңдайсыз проектті?
– Бірінші сценарий, режиссер, партнерларым және өзімнің рөлім өзіме қызық болса, терең болса соған байланысты.
– Ал Шұғыла Ешенова қандай фильмдерге түспейді мүлде?
– Арзанқол. Мағынасы жоқ. Өзіме қызық емес рөл болса түспейді.
Нақты ұстанымдарын қалыптастырып үлгерген болашақ киножұлдыз сұқбатта армандарымен бөлісіп, тіпті қай жанрдан жүрексінетінін де ашып айтты:
– Мына бір кейіпкерді ойнап көргім келеді деген арманыңыз бар ма?
Шұғыла Ешенова, актриса:
– Бар. Өте көп. Ең қиын мен үшін комедия, ал рөлге қатысты болса андай военный немесе исторический киноларда ойнағым келеді. Комедияда ойнағым келеді.
– Қазіргі таңда ұсыныс көп пе?
– Иә, Мүмкіндік көп. Рахмет оған.
– Алдағы уақытта қай режиссерлермен жұмыс жасағыңыз келеді.
Шұғыла Ешенова, актриса:
– Әділхан Ержанов. Өте қатты ең бірінші орында тұр. Жұмыс жасаймын деп сенемін енді үміттенемін.
Бүгінде Шұғыла Ешенова киноиндустриядан бөлек, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етеді.
Шұғыла Ешенова, актриса:
– Екеуі мүлдем салыстыруға болмайды. Сондықтан театр да, кино да. Екеуін де сүйемін. Екеуін де қатты жаныммен сүйемін. Екеуін бөліп жара алмаймын. Екеуі бөлек жүре алмайд та.
– Таңдау келсе?
– Ондай болды. Екеуін де таңдаған кездерім болды.
Актриса қолға алған кезекті туынды «Күндер» атты картина. Айта кетейік, Нариман Төребаев режиссерлік еткен толықметр жуырда тек үлкен экранға ғана емес, А санатындағы халықаралық кинофестивальдердің біріне баруы әбден мүмкін.