Жазира Еркін мен стендап-комик Галаны не байланыстырады? Танымалдардың жұп екені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жазира Еркін мен стендап-комик Галаны не байланыстырады?

Танымалдардың жұп екені рас па?

 

Жазира Еркін мен стендап-комик Галаның төңірегіндегі әңгімелер толасар емес. Көпшілік жұп деп топшылап, жастарға арнап фан-парақша да ашып үлгерген. Рас-өтірігін анықтамау үшін, актрисадан мән-жайды сұрадық.

Жазира Еркін, актриса:

– Біз жақын достармыз. Әзіліміз жарасқан. Кейде артық кететін шығармыз. Мүмкін сол үшін қоғам басқалай қабылдап кеткен болар.Шыны керек, әзілдің төңірегінде жүрген соң артық кетеміз. Оның үстіне ТТ аудитория бар, іліп алып кететін. Ондай ештеңе жоқ, ақталғаным емес.

 

Тек достармыз деп ағынан жарылды. Бірақ Ғалымжан дегенде кеңінен көсіліп, мақтауын аямады. Ел мақтағаны былай тұрсын, қыз да жақтап тұрған сыңайлы деп ойладық.
Жазира Еркін, актриса:
– Гала керемет жігіт, өзім сыйлаймын. Қазақстанда стендапты бастаған бірден-бір адам ғой. Мен үшін тілекші болып, жақсылық тілеп жатқандарыңызға рақмет. Бірақ, болашақта тағдырымыз бір арнаға тоғысады деп ойламаймын...

 

Ғалымжан мен Жазира жұп деген сыбыстар тарағаны сол еді, актриса желіге махаббатқа толы жазбаларын жүктей бастады? Сәйкестік пе? Әлде біз білетін Галаға арналған ба? Ақ-қарасын өзі айтсын дедік.

Жазира Еркін, актриса:

– «Еске алсам жиі сыздайды, сенімен өткен шақ барын...» Жүректен шыққан бұл өлең жолдары кімге арналған? Жазира кімді ұмыта алмай, сағынып жүр?

– 5 жыл бұрыңғы жазба ғой. Ол сезімдер басылғалы қашан. Мен де ғашық болдым, мен де түрлі сезімдерге батып көрдім. Алғашқы махаббат деген сияқты. Сондай сезімнен туған ой..

– Қазір музаңыз жоқ па? Шабыт сыйлайтындай? Жаңа өлең жолдарын жазатындай?

– Бір өткінші сезімдер ғой деп ойлаймын.. кішкене провакациялық сұрақ екен...

 

Авторы: Д. Қыдырбек