Танымал әзілкеш жұп Арсен мен Мереке араздасып қалды!
Жайдарманшылар Арсен Акиев пен Мереке Қалбаева осыдан 7 жыл бұрын отау құрған еді. Қазіргі таңда ерлі-зайыптының 3 баласы бар. Десе де жұптың арасында үлкен дау туған-ды. Тіпті 1 ай бір-бірімен мүлдем тілдеспеген. Ал біз мәселенің мән-жайын арудың күйеуінен сұрауды жөн көрдік.
– Бұл енді халыққа шығып кеткен ұрысы болды. Отбасы болғаннан кейін арасында сондай дағдарыстар болып тұрады ғой. Негізі өзара шешетінбіз. Осы жолы білмеймін. Мереке салып жіберіпті ғой. Оны сөйлестік оны. Ол болды шешілді ғой.
– Бұл жерде кімнің тарапынан болды?
– Кінә екі жақтан болады ғой. «Сен бүйтпейсің, сен сөйтпейсің!» деп басталады ғой. Мен де кінәмді мойындадым оның алдында, ол да менің алдымда кінәсін мойындады. Бірақ, мен кешірім сұрадым.
Қуанышқа орай, Арсен мен Мереке татуласты! Алайда блогерлердің бұл жақсы жаңалығына жұрттың пікірі екіге бөлінді. Бір тарап олар үшін уайымдағанын жазса, енді бірі мұны жаңа трек шығар алдындағы әдеттегі хайп деп қабылдады.
Арсен Акиев, әзілкеш, блогер:
– Бір рет жасағанбыз ғой осындай жолмен жарнама. Содан кейін халық солай ойлап қалған сияқты. Бір рет жасағанбыз ол менің ойым болған негізі. Бір шулатып жіберейік деп. Бірақ, шынымен болып кетті, мұндаймен ойнауға болмайды екен.
Кешірімнің құны – әйгілі cartier брендінен жүзікке иең болды! Арсен романтикалық кешкі ас ұйымдастырып, жұбайына қымбат сақина сыйға тартты. Өз кінәсін түсінген отағасы сол ерекше кеште Мерекеге қайта сөз салған екен. Не де болса бұл дау блогерлердің оқырманын біраз есенгіреткені жасырын емес.
Арсен Акиев, әзілкеш, блогер:
– Мереке лайық қой. Енді 3 бала сыйлап отыр. Ешнарсемді аямаймын ол кісіден.
Авторы: Ш. Құсаинова