«Әмеңгер. Ағама аманат». Күні кеше жарық көрген драма аталмыш дәстүрді дәріптей ме?
«Әмеңгер. Ағама аманат.» Бұл біраз жанның ішкі қарсылығын оятатын, дәстүр төңірегінде пікірталас тудыратын, кейіпкер шешімін түсінбей дал болатын туынды.
Фильмнің желісі бойынша құмар ойынның шырмауына түсіп, қарызға батқан Архат есімді кейіпкер кенеттен қаза табады. Осы оқиғадан кейін ағасы Жанат бар жауапкершілікті мойынына алып, келінін жар етуге бел байлайды.
Елдос Шайкенов, актер:
– Сіз кейіпкеріңіз сияқты шешім қабылдай алар ма едіңіз? Басқа салмасын, әрине. Десе де?
– Әрине, әрине!
Ермек Шынболатов, актер:
– Олай-бұлай болып кеткенімде, мүмкін. Менің әйелім, балам сол отбасында қалғанын қалар ма едім.
Мақсат Рақмет, актер:
– Әмеңгерліктің арқасында талай ұлылар дүниеге келді. Әмеңгерлік бар, болды, болуы да мүмкін. «Әмеңгерлік» деген ең бастысы ұрпақ сыртқа кетіп қалмасын, өзге жақта өгей болмасын деген, қыздың келісімімен жасалатын дәстүр.
Индира Құлмағамбетова, актриса:
– Мен ойлаймын қазір керек емес!
Индира қарсымын дегенімен әмеңгерлікпен тұрмысқа шығуға келісім беретін Алтынай есімді кейіпкерді сомдайды.
Индира Құлмағамбетова, актриса:
– Сіздің кейіпкерді тірідей жерлемек болатынын сахна бар екен. Осы туралы айтып беріңізші?
– Ол сахна өте қиын болған, эмоциялық тұрғысынан қиын болды. Бірінші рет көріп тұрмын көрдің солай қазылатынын. Мақсат ағаның өзі дайындық кезінде жылап жүрген, ұзақ түсірілген сахнаның бірі болды. Одан кейін де атмосфера ауыр болды...
– Кәдімгідей қазылған көрге жатқызып, үстіңізден топырақ шашты ма?
– Иә, иә
Мақсат Рақмет, актер:
– Менің кейіпкерім, әмеңгерлікпен алынатын келіннің, яғни Алтынай деген кейіпкердің туған ағасы. Маған үлкен жүк тасталды. Түсірілім басталатын күні маған айтады: «Бүкіл ағалардың болмысын көрсетуің керек»,- деп. Бұл үлкен жүк деп ойлаймын. Қолымнан келгенше барымды салдым, аянбадым.
Ал Жанат есімді дәстүрге берік азаматтың рөлі Елдос Шайкеновке бұйырған. Әулет абыройы үшін аянбайтын кейіпкер келінін жар етуден де тайынбайды. Бірақ мұндай шешім қабылдауы себепсіз емес.
Елдос Шайкенов, актер:
– Бізде екі вариант шығып жатыр. 21+ нұсқаны көріңдер. Ол жерде барлық линиялар ашылған. 18+ нұсқасында кейбір тұстары жасырылған.
– Бірінші нұсқаны көөру арқылы көреремен кейбір шешуші сәттерді түсінбей қалмай ма?
– Жоқ, жоқ. Түсінеді.
Индира Құлмағамбетова, актриса:
– Фильмнің екі нұсқасы шығады екен. 18+. 21+ жас ерекшелігі бойынша.
– Қандай сахналар бар 18+-ке енгізіле алмайтындай? Ол сахналарға қатысыңыз бар ма?
– Бар, бірақ ондай ұятсыз сахна дей алмаймын..
«Бір қарағанда фильм тек әмеңгерліктің төңірегінде деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ бұл туынды ескі дәстүр мен қазіргі қоғамның қақтығысын ғана суреттеп қоймайды, ер азаматтың рухани жалғыздығын, ұрпақ жалғасы үшін күрес баяндалатын психология драма»,-дейді шығармашылық ұжым.
Ермек Шынболатов, актер:
– Бұл фильмде бәрі сіздер ойлағандай стандартты емес, түрлі қайшылықтар бар.