91 тобының мембері АСЕ әке атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Асе, «Ninety One» тобының мембері, музыкант:

Қазір білетін болсаныз, кез-келген уақытта тууы мүмкін. Сол себептен мысалы қазір телефон соқса, бірден ауруханаға баруға дайын жүрмін.

 

Музыкант бірер күн бұрын жарының айы-күні жақындағанын айтып, осылай деп сұхбат беріп еді. Жақсы жаңалық көп күттірмеді. Күнікеше әке Асе атанғанын хабарлап, тыңдармандарынан сүйінші сұрады.

Асе, «Ninety One» тобының мембері, музыкант:

Гендер пати жасадыңыздар. Қыз екенін білеміз. Алдын-ала есім таңдадыңыздар ма?

Бірнеше нұсқалар бар. Бірақ әрине олардың арасында өзімде күлкім келген кездерім болды. Сосын эксперименталды есімдерді қоюға да ниетті болдым.. Ерекше болғанын қалайсың әрине...

 

Сөзіне сенсек, қызына есім іздеп біраз сабылған. Нұсқаларын біртүрлі деп бағалауы да бекер емес.

Мысалға, Еуропада күшті ат бар ше негізі. Әдемі естеледі негізі. Қызға қойылатын Мэр-се-дес есімі бар мысалы. Сосын ойланызшы біздің Қазақстанда Мерседес болып кетеді ғой.

Алып тастағаныңыз дұрыс болған екен. Иә, сол. Өзіңіз сұрайсыз да өзіңіз мені кринжовать етіп.

 

Қызын асыға күткен музыкант жаңа статусына тыңғылықты дайындалған.

Перзентханаға бармас бұрын алдын-ала сөмке және қажет заттар дайындайды ғой. Осындай жұмыстарға Ace қаншалықты ат салысты.

Мен өзім барлық жағынан хабардармын. Не, қандай зат екенін барлығын ат салысып терминологиялық тілдерін жаттап алдым.

Сөздігінізге қандай сөздер қосылды?

Перзентханаға арналған сөмкесі бар. Арнайы соскалары бар екен. Оның ішінде де түрлісі. Оларды біршама уақыт зерттеп, уақыт жоғалтқан да болды.

 

Асе пен жары Нұриланы ата-ана атануларымен шын жүректен құттықтаймыз! Кішкентайдың бауы берік болсын.