Сәбит пен Айгүл қайта табысқан ба?

Сообщить о проблеме с эфиром
Соңғы уақытта бірге түскен суреттерін желіге салуды сиреткен Сәбит пен Алтынай оқырмандарының санасын сан-саққа жүгіртіп жүр. Бірі жұлдызды жұптың арасынан ала мысық өтті деп топшыласа, енді бірі Әбдіхалықовты Иманбаеваға қайта оралды деп тұжырым жасайтын көрінеді. Иә, дәл осындай сансыз сауалдардың соңғы кездері әлеуметтік желіде жиі қойылатынын Иманбаева да жасырмайды. Бұл жолы актриса тыңдарманды мазалаған сұрақтарға жауап беруге тас-түйін дайын. Сонымен, Сәбит пен Айгүлдің қайта табысқаны қаншалықты рас?! Айгүл Иманбаева, әнші, актриса: - Қойылып жатады, мен оның бірін оқып, бірін оқымаймын. Бірақ, миым жетпейді. Жеке өмірінде оның, оның менің жеке өмірімде не шатағы бар. Біз әріптеспіз, баламның әкесі, құрметтеймін, сыйлаймын. Сондықтан, Айгүл ел аузында жүрген қауесетке сене бермеуді сұрайды. Бірақ, бүгінде Сәбитпен бір шаңырақ астында ғұмыр кешпесе де, әке мен баланың қарым-қатынасына ешқашан шектау қойған емес. Тіпті, Асылжанға қатысты мәселелерді қос тарап әлі күнге дейін бірігіп шешетінін көрінеді. Айгүл Иманбаева, әнші, актриса: - Амандығымыз түзу. Баламыздың мәселесіне қатысты міндетті түрде екеуіміз... Енді бала студент сыртта оқиды. Сол себептен тәртібі болсын, оның жүріс-тұрысы, ортасы болсын араласатын, міндетті түрде екеуіміз араласамыз. Ол жағынан ақылдасып тұрамыз. Қалай болып жатыр, сен барасың ба балаға, мен барамын ба?! Өйткені, бала тұр ортада. Сонымен қатар, Шахизаданың да бірінші жарымен дәм-тұзы жараспай, әнші ұлы Олжасты жалғыз өсірген-ді. Тіпті, әкенің қаржылай көмегіне зәру болмаған баласына, алиментті де талап етпепті. Шаһизада, әнші: - Мен өтірік айтпай-ақ қояйын, ешқандай көмек болған жоқ. Әкесі жағынан ешқандай балама көмектескен жоқ. Өйткені, мен өзім көмек сұраған жоқпын. Құдай өзіме күш-қуат берді. Өзімнің еңбегіммен баламды оқыттым, үйлендірдім, жеткіздім. Бірақ, әке мен мұрагері арасында байланыс үзілген емес. Ал, бүгінде ғашықтық сезімнің жетегінде жүрген Шахизада, жуырда үшінші мәрте тұрмысқа қамданса, таң қалмаңыз!!! Шаһизада, әнші: - Ғашық болып жүргенім рас! Оны жасырмаймын. Өйткені, ғашықтың сезімнің арқасында, тағы да әдемі хит шығып жатыр.  Сол менің жақсы көретін адамыма арналады.