Жұлдыздардың сіз білмейтін лақап аттары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром
«Қалдыбет» пен танымал гелзбендтегі «Көккөз» кім? Жұлдыздардың сіз білмейтін лақап аттары қандай? Сәкен бала күніндегі лақап атын әлі ұмытпапты. Оқушы Майғазиевтің жүзіндегі қалын, құрдастары талай мәрте келеке қылған.. Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі: - Бетімде қалым көп болғандықтан мені Қалдыбет дейтін. Және қазір кетіп қалды бала кезімде бетімде сепкілдер, веснушка дейтін еді ғой күннің түскенінен. Содан қатты қысылатынмын. Нұржан Керменбаев “Қапкарашка” атын «Суперстарда» еншіледі десеңіз, қателесесіз. Ауылдың қара домалақ баласына, бұл лақап атты сыныптастары берген. Нұржан Керменбаев, әнші: - Бала кезден қара түске қатысты не бар, соның бәрі маған қатысты тұғын. Бала кезде бәрі әзілдеп мазақтайтын. Африканец дейді, негр дейді. Енді әр түрі кетті, әрі қарай өз фантазияларыңызды қоса беріңіздер. Ал, Асыл тобындағы Ақерке болса, «көк түстен» құтыла алмай келеді. Ақерке Бүркітбай, «Асыл» тобы: - Көк деген енді менің көк көз... Иә, көзімнің түсіне қарай солай қойды да. Мен басында ренжіп жүретінмін. Неге көк деп айтасыңдар сендер, маған ұнамайды деп. Кейін, еркелетіп айтқаннан кейін маған ұнап кетті. Сыныптастарының мазағына қалғандардың қатарында Мәдина Сәдуқасова да бар. Өнерге бейім қызды құрдастары кішкентай құсқа теңеп, талай ызасына тиген екен. Мәдина Сәдуақасова, әнші: - Бұлбұл енді кішкене ғана құс қой. Өзім де, бойым да кіп-кішкентай болып жүрді. Бірақ, барлық жерде шыр-шыр етіп...