Азамат Сатыбалды жеке өнер ошағын ашты!

Сообщить о проблеме с эфиром
Алғашқыда актер, кейін кинопродюсер, енді театр директоры! Иә, Азамат Сатыбалды бүгінде жеке өнер ошағын ашып, дайындыққа білек сыбана кірісіп кеткен. Осы уақытқа дейін Мұхтар Әуезов атындағы театрдың белді актеры ретінде танылған өнер иесінің қарашаңырақтағы жұмысына нүкте қойғаны ма? Серікқазы Аязбаев сұрап көрді... Азамат Сатыбалды, актер: - Адам ең бастысы өзегінен арылмау керек. Әкем театры менің өзегім. Менің табаны тіреген, қадам жасаған, сол сахнада мен актер ретінде дүниеге келдім. Ол театрдан мен еш уақытта кетпеймін... Иә, қарашаңырақпен қош айтысу Азаматтың жоспарында жоқ! Тек, тың жобам арқылы көкейімдегі ойымды жеткізгім келеді, - дейді актер.  Азамат Сатыбалды, актер: - Мен мынадай рөл ойнағым келді. Менің талабым мынадай деп ешқандай талап қоя алмаймыз. Ол мемлекеттік театр, министрлікке қарайтын театр. Ол жерде саясат болады. Идеология болады. Сондықтан да, көп нәрсеге біздің әрине мүмкіндігіміз жетпейді. Жеке театр ашу идеясы Азаматқа осыдан 10 жыл бұрын келген. Сәті биыл түсіп, жанына актрисалар Жанар Мақашева мен Ажарлым Мағзұмды алып, Михаил ЗадОрновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» шығармасын сахналап жатыр. Бұл спектакль осыдан 5 жыл бұрын, Әуезов театрының репертуарында болған. Азамат Сатыбалды, актер: - Қазір енді көрерменнің көзі ашық қой. Ол кездегі жай үйдегі телефонмен, қазіргі сотканың арасында айырмашылық бар. Сол сияқты пьесаны жаңа өмірге алып келдік. Көрерменге жеткізуге тырыстық. Көрермен көрген кезде ойй мынау ескі ғой. Ана заман ғой демеу керек. Көрермен қазіргі заманды көру керек. Азамат отандық өнер ошақтарында орын алған олқылықтарды қайталамауға бекініп отыр. Шет елдік театрлардың тәжірибесіне сүйеніп, алғашқы спектакль дайындығын көрермен шақыру арқылы пысықтап жатқан көрінеді... Азамат Сатыбалды, актер: - Есік ашық болады да, көрермен келіп көреді. Сол көрермен көру арқылы актерлар прогон жасап, режиссер мен актер қандай жағдай көрерменге өтеді, қандай жағдай өтпейді, пьесаның қай тұстары нашар, қайбір тұстарын дамыту керек, соның бәрін біліп алады. Жаңа театр тұсаукересі мамыр айының басына жоспарланып отыр... Серікқазы Аязбаев, Никита Хасанов.