Биыл «ЕХРО-2017» көрмесіндегі кештердің тізімі тек қазақстандық әншілермен шектелмейді

Сообщить о проблеме с эфиром
Биыл «ЕХРО-2017» көрмесіндегі кештердің тізімі тек қазақстандық әншілермен шектелмейді. Шет елдік танымалдар да шоу-концерттерін әзірлеп жатыр. «ЕХРО-2017» аясында өнер көрсететін әлем жұлдыздарының концерттеріне билеттер де сатылымға шықты. Кімдер келмек? Үш айға созылатын «ЭКСПО-2017» көрмесінде әлемдік жұлдыздар ән кешін өткізіп, тіпті концерттік бағдарламада әзірленіп қойған. Алайда, отандық шоу-бизнес өкілдері қазақ елінің мәртебесін асқақтатын ауқымды шарада, ұлттық құндылықтарымыздың ұлықталғанын қалайды. Айгүл Иманбаева, әнші, актриса: - Қазақ халқы бір қызықпыз ғой. Тәуелді болып кетеміз ба, жалпақтап кетеміз бе. Әлде бір өзіміздің қолымыздағы құнды дүниені бағаламай, сырттың дүниесі саф болып көрініп тұра ма қызықпыз. Бірақ өнер ортақ! Шақырылып жатқан қай жұлдыз болмасын шақырылып жатса, егер ол өзінің көрерменін тауып жатса тыңдайтын болғаны ғой. «Асыл» тобы: - Халық не үшін келеді Қазақстанға, қазақтың өнерін, мәдениетін, қол өнерін көруге келеді. Олар шет елдік әншіні көру үшін Қазақстанға келеді деп ойламаймын. Сондықтан болар, ешқандай шет елдік әншінің ЭКСПО-да өнер көрсеткенін қаламас едім! Астанада ұйымдастырылатын аталмыш іс-шараға «Би-2», «Мумий Тролль», «Лимп Визкит», «30 seconds to mars» топтары шоу-концерттерін ұсынады деп жоспарлануда. Ал, халықаралық көрмеде өнер көрсетуге шет елдік жұлдыздардан кім лайықты?! Отандық танымалдардың пікірін білген едік. Нұрлан Албан, әнші: - Эрос Рамазотти кезінде бір жылдай әндерімен ауырған, менің сондай бір керемет кумирім. Тамаша орындаушы, тамаша талант. Биылғы жылы ЭКСПОның құрметіне келеді. Барсам сол Эрос Рамазоттиге барамын! Ұшқын Жамалбек, әнші, композитор: - «Янни» келсе екен деп ойлаймын. Өйткені оны бала кезден тыңдап келе жатырмын. Әлемдік деңгейде соның оркестрі келіп біздің қазақтың күйлерін оркестрге салып ойнаса. Сосын замануи әншілерден Джесси Джейдің келгенін қалаймын. Өйткені әнші боламын деген, адамдарға бір рух береді. Өнерге деген талпыныс береді. Аян Бірбаев, «Rin'Go» тобының әншісі: - Крис Браун туралы естідім! Егер сол әншіміз келетін болса, онда соның концертіне түсуге тырысатын едім. Өйткені енді бізге жақындау әнші десе болады. Сахнаға шығуы ерекше шоу да. Билерімен араласы, светпен аралас деген сияқты. Ал, Елорда өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, маусымның 10-шы жұлдызынан бастап, қыркүйек айының 10-на дейін жалғасын табады.