«Құлпынай иісі» телехикаясының актрисасы экс-сүйіктісін кімге қиып қалдырды?

Сообщить о проблеме с эфиром
«Құлпынай иісі» телехикаясының актрисасы экс-сүйіктісін кімге қиып қалдырды? Көпшілік көзайымына айналған «Құлпынай иісі» сериалының бас актрисасы Демет, телехикая түсірілімі аяқтала сала өз әріптесі Юсуф Чиммен көңіл жарастырған еді. Екі ғашық той күнін де белгілеп қойғанды. Алайда, күні кеше Деметтің өзгемен қол ұстасқан қылығы жұрттың түсініспеушілігін тудырды. Кім-кімді алдап жүр? Демет Өздемир мен Юсуф Чим 2015 жылы «Құлпынай иісі» фильмінің түсірілім алаңында танысқан болатын. Сюжет желісі бойынша қос ғашық арасында өрілген махаббат сезімі, өмірде де өз жалғасын табады. Жарасымды жұптың тойы да жоспарланып, алғашында екі жас бақытты-ақ көрінген еді. Ал, 2016 жылы Демет Өздемир Фокс тивидің «NO:309» телехикаясына арнайы шақырту алып, актер Фуркан Палалымен бірге бас рөлді сомдады. Осы сәттен бастап Деметтің жүрегіне жаңа шоқ түскен секілді. Күні күше Фурканмен түнгі клубта бірге жүруі осыған айғақ. Әріптестер қол ұстасып, көпшілік ортада бір-біріне деген сезімін білдіруден еш қысылмаған. Әр сериал сайын жаңа ғашығын «кездестіретін» Демет, бұл жайында пікір білдіруге әзірге асығар емес. Талай телехикаялардың жұлдызына айналған Демет Өздемирдің актерлік жолы жарнамаға түсуден басталған. Одан бөлек актриса, әнші Мұстафа Сандалдың бірнеше бейнеклипінде де төбе көрсетті. «Құлпынай иісі» телетуыныдысынан кейін бағы жанған актриса, бүгінде Түркияның ең сұранысқа ие, танымал жұлдыздарының біріне айналып отыр.