Скриптониттің тілшілермен ашық әңгімелесіп, жүрек түкпіріндегі сырларын шерткен сәттері некен-саяқ

Сообщить о проблеме с эфиром

Скриптониттің тілшілермен ашық әңгімелесіп, жүрек түкпіріндегі сырларын шерткен сәттері некен-саяқ. Дегенмен, Ресейлік блогер Юрий Дутьпен ол бүкпесіз сұхбаттасты. Рэпер қазір қос үнтаспа әзірлепті, оларды күзде таныстырмақ ниетте. Бұдан бөлек, Әділ Жәлелов балалық шағы мен мансабының алғашқы сатылары жайлы да сөз қозғады. Музыкаға әуесітігін жаратпаған әкесінен таяқ жегенін, қаржы тапшылығын шешу үшін анасымен бірге жанармай бекетінде жұмыс істеген еске алды. Әлі күнге ата-анасымен қарым-қатынасын түзей алмаған. Экс-ғашығы еліне алып кеткен жалғыз ұлын көрмегелі де көп уақыт.  Рэпердің жүрегін жаулаған ару жоқ, ол қазір бар күш-жігірін өнерін дамытуға жұмсауда. Скрипи әлі талайды таңдандырамын деп уәде етті.