Jah Khalib «Жыл жаңалығы» номинациясын жеңіп алды

Сообщить о проблеме с эфиром

«МузТв-2017» премиясында, Ольга Бузова мен Александр Панайотовты жолда қалдырған қазақстандық рэпер кім? Jah Khalib «Жыл жаңалығы» номинациясын жеңіп алды! Мәскеуде өткен додада отандық өнерпаздардың спорттағы жетістіктерімен қатар, ән әлеміндегі жеңістері де жетерлік.

Мәселен, 2015-ші жылы «Муз Тв» гравитациясында «Қазақстанның ең үздік әртісі» номинациясын еншілеген Қайрат Нұртас, биыл аталмыш премияның құрметті қонағы ретінде шақырылған. Нюшамен салған әні сәтті шыққан қазақ хитмэні бұл кеште өзі армандаған дуэттердің жоспарын жұртқа жария етті...

Сондай-ақ, Ресей жұлдыздары арасында ұйымдастырылған музыкалық шарада қазақстандық танымаларда үздіктердің тізіміне енген.

Иә, отандық рэпер Jah Khalib «МузТв-2017» бәйгесінде «Жыл жаңалығы» номинациясын жеңіп алды.

Jah Khalib, рэпер: «Ең алғаш «Муз тв» премиясы ұйымдастырылған сәт әлі менің есімде. Тіпті, теледидардан тапжылмай тамашалап, осы сахнада өнер көрсетсем деген іштей тілегім болды. Сондықтан, бала арманымды орындаған телеарнаға алғысым шексіз!»