Атышулы Мейвезер мен МакГрегор жекпе-жегі қос тараптан да ресми түрде расталды

Сообщить о проблеме с эфиром

Атышулы Мейвезер мен МакГрегор жекпе-жегі қос тараптан да ресми түрде расталды. Келісімшартқа бірінші болып ирландиялық спортшы келіскен еді. Енді Флойд Мейвезер өз қолын қойды. Кәсіпқой боксшы мен аралас жекпе-жек шеберінің арасындағы айқаста сіз кімге жанкүйерсіз?!

Бұл жекпе-жек бұрынғылардан өзгерек... Бокс заңына орайлы. Мейвезер мен МакГрегор жанкүйерлері олардың айқасын асыға күтті. Аралас жекпе-жек өкілі мен еш ұтылмаған кәсіпқой боксшы майданында кім жеңімпаз болмақ?!

Бес салмақ дәрежесі бойынша бокстан әлем чемпионы атанған Флойд Мейвезер мен UFC чемпионы Конор МакГрегор ресми түрде жекпе-жек өткізетіндерін өз Instagram парақшаларында растады. Бұл кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегас қаласында өтеді. Бокс кеші 20 мың адам сиятын T-Mobile аренасында болмақ.

Флойд Мейвезер мен Конор МакГрегор өзара кездесуі үшін әрқайсысы 100 миллион доллар сыйақы алады. Жалпы бұл жекпе-жектен ұйымдастырушылар 630 млн. доллар табыс табуды көздеп отыр. Спортшылар алғашқы жеңіл салмақта, 69 келіде бокс ережелері бойынша жұдырықтасады. 40 жастағы Мейвезер кәсіпқой бокста 49 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 28 жасар МакГрегор болса, ережесіз жекпе-жекте 24 кездесу өткізіп, 21 жеңіске жетсе, 3 кездесуде жеңілген.